Әдетке айналдырар 50 әрекет - 2

Әдетке айналдырар 50 әрекет - 2
Фото: advtoranj.ir

Әдет – адам баласының тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Қазақ халқының "ауру қалса да әдет қалмайды” деп айтуы - әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет - адамның күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдет - адамның ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді, беделін түсіреді. Ендеше әдетке айналдырар 50 пайдалы әрекет туралы айта отырғанды жөн санап отырмыз.

Басы

26. Тамақтануыңызға баса мән беріңіз. Фаст-фуд пен асқазанның қорытуына ауыр тиетін тамақтарды жеуден бас тартыңыз.

27. Бір апта бойы ет тағамдарын жемей өмір сүріп көріңіз.

28. Клавиатураға қарамай терудің жолдарын үйреніңіз.

29. Өз ісіңді уақытымен орында.

30. Адамдарға жылы сөздер айтып, жылы қабақ танытыңыз.

31. Аптасына 2-3 рет 1 сағатыңызды спортпен шұғылдануға арнаңыз.

32. Миыңызды тынықтырып, әрі жаттықтырып тұруды ұмытпаңыз. Ол үшін өлең жаттап, кроссворд шешіп, шахмат ойнаңыз.

33. Күніне 10 өзге тілдің сөзін жаттаңыз.

34. Күніне 30 минутыңызды оқуға арнаңыз.

35. Отбасың мен сүйіктіңе телефон шалып, хабарласып тұр.

36. Түрлі пайдалы жаттығулармен айналысуды естен шығармаңыз.

37. Күнделік жазып, жетістіктерің мен табысыңды жаза жүр.

38. Мәдениетті сөйлеуге дағдыланыңыз. Қолданып жүрген паразит және жаргон сөздерді ұмытыңыз.

39. Естен кетпес сәттерді суретке түсіріп алыңыз.

40. Көзіңізге жаттығу жасап тұрыңыз.

41. Күнде дастарханыңыздан сүт тағамдары табылсын.

42. Күніге нан жеп тұрыңыз.

43. Үйде компьютер алдында 2 сағаттан артық отырмаңыз.

44. Жаз мезгілінде суық суға жиі түсіп тұрыңыз.

45. Тек сапалы косметика өнімдерін пайдаланыңыз.

46. Үйіңіздегі керек емес заттарды лақтырыңыз.

47. Табиғи таза сусындарды ішіңіз.

48. Демалысыңызды пайдалы өткізіңіз. Табиғат аясында отбасыңызбен қыдырып, жаңа таныстармен әңгіме-дүкен құрыңыз.

49. Әрқашан ойыңыз таза болып, жақсылық туралы ойлаңыз.

50. Күніге қызықты ақпараттарды оқып, таным көкжиегіңізді кеңейтіңіз.

Ө. Сансызбай