Үлкен дүкендердің кішкентай қулықтары #2

Үлкен дүкендердің кішкентай қулықтары #2
Фото: magnum.kz

Үлкен дүкендердің кішкентай қулықтары атты жазбамызды жалғастырамыз. 

Қиын бағалармен басыңызды айналдырады. 1,0-ден 0,99 мейлінше аз екенін білеміз, теңге тиыннан құралады дейміз. Ескі бағаны сызып тастап, майлы қаріппен жазылған жаңа бағаны көреміз. Сіздің миыңыз бұл ақпаратты арифметикалық есеп деп емес, сурет деп қабылдайды. Үнемдейміз деп арзан бағадағы тауарды ала бермей, ол заттың сізге шынымен керек екенін анықтап алыңыз.

Олар сіздің балаларыңызды пайдаланады. Супермаркетке бала ертіп барған ата-ана оның еркелігін көтеріп, айтқанын алып беруден басқа амалы қалмайды. Жылтыраған сөрелердегі кәмпит, шоколад, жүгері қауызы секілді тәттілердің жанынан бала жай өтіп кете алмайды. Алып бермесеңіз айқай-шу шығарып, көз жасымен қорқытады.

Арзан бағаларды сізден жасырады. Қымбат тауарлар сөрелердің жоғарғы бөлігінде орналасатынын байқадыңыз ба? Көзіңіз бірінші ең қымбат бағаларға түседі де, содан соң салыстыра бастайсыз.

Олар сізге «жұп тауарлар» ұсынады. Барлығы «жұп болғанын» жақсы көреді. Супермаркеттер де сол сияқты. Мысалы, сыраның жанына чипстер не құрғақ балықтар, печенье жанына шырындар не газды сусындар, жейде жанына галстук деген сияқты, жұбымен қатар қойылады. Барлығы да сіз көбірек сауда жасау үшін.

Балықтар мен еттерді ақ фонға орналастырады. Сол арқылы олар балғын көрінеді.

Сіздің дүкенде ұзақ айналуыңыз үшін көңілді күй сыйлап, әуен қосып қояды.

Сағыз, шоколад, сусын секілді ұсақ-түйек тауарларды касса жанына жайғастырады. Бұл олардың тауарды өткізіп қалатын соңғы мүмкіндігі. Кезек күтіп тұрып, көзіңізге түскен нәрсені арбаға сала бермеңіз.

Сізді дисконттық карточкалармен тартады. Аздаған жеңілдіктер үшін үнемі сол супермаркетке аяғыңыз тартып тұрады. Тұрақты тұтынушы – алтын арқау. Келесі келгенде одан да көп ақша қалдырып кететін боласыз.

@. @assel_assanova