Жұлдыз жорамал: 25.05.2015-31.05.2015

Жұлдыз жорамал: 25.05.2015-31.05.2015
Фото: rudaki.ru

Қас қағым сәтте өмірімізге үлкен өзгеріс енгізетін оқиға болуы мүмкін. Сол себепті әр істі бастамас бұрын нәтижесінің қандай болатынын ойлаңыз.

Тоқты

Жұлдыздар жаңа адамдармен таныспауға кеңес береді. Себебі айналаңыздағы адамдардың сізге қатысты арам ойы болуы мүмкін. Жақын күндердің бірінде өзіңіз туралы жалған сөз айтылып жатқанын білесіз. Осының салдарынан сырыңызбен бөліспейтін боласыз. Ешкімді аңдымаңыз. Жолдасыңыздың әрбір сөзіне құлақ салыңыз. Ал қызметте барлығы ойдағыдай болады.

Торпақ

Жұлдыздар ешнәрсе жоспарламауға кеңес береді. Себебі қиялыңыздағының барлығы жүзеге аспай, құры арман болып қалуы мүмкін. Достарыңыздың қаншалықты адал екеніне мән беріңіз. Адамдарды сөзіне емес, ісіне қарап бағалаңыз. Өзіңіз күдіктенетін жандарға қарызға ақша бермеңіз. Бейтаныс адамдарға ғашық болудан сақтаныңыз. Бұл аптада басталатын махаббат хикаяңыз ұзаққа бармайды. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер оңай шешіліп отырады.

Егіздер

Жоспарлағанын қайта қарап шығуына тура келеді. Күнделікті жүзеге асып жатқан оқиғалардың сізді барынша арманыңыздан алыстатып жатқанын байқайсыз. Шындыққа жанасатын дүниелерге қол созатын уақыт келген сияқты. Ата-анаңызбен, басшыңызбен қарым-қатынаста қиындықтар туындайды. Олар белгісіз себептерге байланысты сізге сенуден бас тартады. Өмірлік жарын жолықтырғысы келіп жүргендердің жолы болады. Дәл қазір кез келген адамды баурап алуға қауқарыңыз жетеді. Шығармашылықпен айналысыңыз.

Шаян

Бұл аптада қиын кезеңді басынан өткереді. Әсер етуші факторлардың салдарынан ойлағаныңызды жүзеге асыра алмай қиналасыз. Денсаулығыңыз сыр береді. Қызуыңыз қатты көтерілетіндіктен, күнделікті жұмыстарыңызды реттей алмай қаласыз. Бұл күндері иммунитетіңіз нашарлайды. Ең біріншіден, денсаулығыңызды күтіңіз. Бұдан өзге жол жүру ережесін бұзуыңыз мүмкін.

Арыстан

Дәл қазір – білім алып, жаңа адамдармен танысатын уақыт. Көп қиындықты өткергіңіз келсе, соңғы жаңалықтардан хабардар болып жүріңіз. Көмек сұраған адамдарға міндетті түрде қол ұшын беріңіз. Осылайша қоғамдағы беделіңізді жоғарылатасыз. Жақын достарыңызбен сөзіңіз жараспай қиналасыз. Екеуіңіз бір адамға ғашық болуларыңыз мүмкін. Мұнымен қатар, осы апта ішінде несие алмағаныңыз жөн.

Бикеш

Қаржылай қиындықтарын толықтай шешеді. Мұның барлығы достарыңыздың қарызға алған ақшасын қайтаруымен байланысты болады. Көп уақыттан бері іздеп жүрген затыңызды табасыз. Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста қиындықтар туындайды. Оның мінезі өзгеріп, сіз қызғана бастайсыз. Кейде күдікпен қарайсыз. Шыдамдылық танытып, әділетті болуға тырысыңыз.

Таразы

Бұл аптада оқу мен саяхатқа байланысты қиындықтар туындайды. Құжаттарды реттеуге көп уақыт кетеді. Күнделікті жоспар құрып, соған сай әрекет жасап үйреніңіз. Әйтпесе сылбыр күйіңіз денсаулығыңызға ғана емес, психикалық жай-күйіңізге де әсер етеді. Ақыл-ой еңбегімен көбірек айналысыңыз.

Сарышаян

Сырлы әлемнің құпиясына деген құмарлығыңыз оқу үрдісіне оң пайдасын тигізеді. Әсіресе психология сынды мамандықта оқып жүргендер үшін тиімді болады. Жан мен тән қалауын үйлестіре біліңіз. Спортшылардың жарыстардан бас тартқаны жөн.

Мерген

Сүйіктіңіздің мінезі қатты алаңдататын болады. Біріншіден, кей мәселеге байланысты позициясының өзгергенін байқайсыз. Екіншіден, ол әдеттегіден әлдеқайда белсенді болуы мүмкін. Осының салдарынан қарым-қатынастарыңызда тұрақсыздық пайда болады. Оған енді арқа сүйей алмайтыныңызды түсінесіз.

Тауешкі

Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Бөлмеңізді, басыңыздағы ойларды ретке келтірген кезде ғана денсаулығыңыз қалпына келеді. Бастапқыда қайсар мінез бен табандылық қажет болады.

Суқұйғыш

Осы аптада жомарт мінез танытады. Бар ақшаңызды сүйіктіңізді қуанту үшін жұмсайсыз. Егер осылай жалғаса беретін болса, аптаның соңына қарай ақшасыз қаласыз. Жұлдыздар қандай жағдай болмасын, ақшаңызды үнемдеуге кеңес береді. Осылайша сүйіктілеріңізбен қарым-қатынаста тепе-теңдік орнатасыз.

Балықтар

Отбасы мүшелерінің қалауын түсінбей дал болады. Оларға сіздің махаббатыңыз жетіспей жатқандай көрінуі мүмкін. Шындығында олар материалдық тұрғыдан көмек көрсеткеніңізді қалайды. Жұлдыздар жанжалдаспас бұрын мәселенің басын ашып сөйлесіп алуға кеңес береді. Жылдам тұтанған махаббат оты жылдам сөніп қалуы мүмкін.

Қ. Бүйенбай