Апта кеңесі. Рухани баю аптасы

Апта кеңесі. Рухани баю аптасы

Жадыраған жаз басталды деп жүргенде, зымырандай зымыраған уақыт көшімен бірге жаздың алғашқы айының ортасына да жетіп қалыппыз.

Жазды ұйқымен ғана өткізіп, өз-өзіңізді төмендетпегеніңіз абзал. Керісінше, қабілет-қарымыңыз жеткенше, өмірдің шырқау шыңына шарықтауға талпыныңыз.

Осы апта өзіңізді жетілдіріп, дамыту аптасы болсын. Апта бойы кітап оқып, рухани байыңыз. 

Қандай кітап оқимын десеңіз, бұл жерде де біз сіздерге көмекке келеміз.

Егер жұмыста болсаңыз, өз ісіңіздің хас шебері болу үшін өз салаңызға қатысты кітап оқыңыз. Осы орайда кітап оқудың тиімді тәсілдерін де бір сүзіп шығыңыз. Демалып жатсаңыз, Массагеткз таңдауындағы тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін кітаптарға үңілуіңізге кеңес береміз.

Кітап оқуға жалқаулығыңыз жар бермесе, жаныңызға серік тауып алып, оған кітап оқудан жарысу туралы ұсыныс тастаңыз. 

Бір апта бойғы жинаған рухани байлығыңыз жаныңызға мәңгілік азық болатынына сенімдіміз.

Сурет: kotofot.ru

Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова