Апта кеңесі

Апта кеңесі

Жаз басталды! Алдыңғы апта кеңесінде жазға жоспар құру туралы айтқан едік. 

Осы аптаның кеңесін мектеп пен оқу орындарын бітірушілерге арнаймыз.

Осы аптада мектеп түлектері ҰБТ сынағын тапсырып бітеді. Егер сіз ойыңыздағы ұпайды жинай алмасаңыз, қам жемеңіз! "Бірінші есік екінші есіктің ашылуы үшін жабылады" дейді. Сондықтан, өмір қара жолақпен қоса, ақ жолақтан да тұратыны есіңізде болсын!

Оқу орнын бітіріп, тағы бір сатыға өскен студенттердің көбі артынып-тартынып үйлеріне қайтып жатқан болар. Студенттер, үш айды сіздерді сағат санап тосып жүрген ата-аналарыңыздың жандарында болып, оларға қолғабыс етуге арнаңыздар дегіміз келеді. Өйткені, ертең оқу орын тәмамдаған соң, тағдыр толқыны қайда лақтырса, сол арнаға түсеміз. Біріміз отбасын құрып, біріміз жұмысқа тұрып, жеке бастың күйін күйттеп кетеміз. Ал мына бір студенттік шақтың демалыстары ата-ананың қасында болу үшін таптырмас кезең...

Сурет: basik.ru

М. Оңғарова