Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Кезекті жұманың жаднамасы назарларыңызда.

Келер аптада не істеуге болады? Осы апта Массагетте несімен есте қалды?

1. Басты жаңалығымыз сайтымызда "Әдебиет" бөлімі ашылды. Енді әдебиетке құмар кез келген қолданушымыз өзінің төл туындысын бізге жібере алады. Бәлкім сіздің ішіңізде өзіңіз де білмейтін талант атты алып күш бұғып жатқан болар?! Ендеше, кез келген туындыңызды бізге жіберуге асығыңыз!

2. Көптен күткен "Қара киімділер III" фильмінің тұсаукесері осы аптада болмақ. Жаныңызға өзіңіз үшін жақын жанды ілестіріп алып, фильмнің алғашқы көрермендерінің бірі атаныңыз. Алған әсеріңізді бізбен бөлісуді ұмытпаңыз.

3. Күнделікті өміріміздің шуақты сәттерін суретке түсіріп алуды бәріміз де ұнатамыз. Кейін суретке қарап отырып, сол кездерді көз алдымызға келтіріп, тәтті естелік қып айту да көңілге ерекше бір рақат сыйлайтын нәрсе. Дегенмен, кейде фотоаппаратымыз сапалы болса да, суретіміз сапасыз шығып, әуре-сарсаңға түсетініміз бар. Осы орайда, біз сіздерге көмекке келеміз. Суретке түсірудің 8 ережесін тәптіштеп оқып алсаңыз, суретке түсірудегі барлық қиындықтарыңыздың шешілетіні күмәнсіз.

4. Төрткүл дүние көз тігетін Олимпиада ойындарының алауы тұтанды. Олимпиадаға біздің елімізден 91 спортшы қатысатын болды. Күллі әлемнің бағын асырып, абыройын асқақтататын не керісінше, жігерін құм қылатын беделі биік сайыстың кез келген жаңалықтарынан құлағдар болғыңыз келсе, біздің сайттан алыстамаңыз. 

5. Қазір табиғат аясына шығып, серуендеп, сергитін шақ. Демалысқа табиғатқа шыққанда, қандай тамақ дайындаймыз деп ойланып жүрсеңіздер, біз сіздерге "Көктал" мәзірін ұсынамыз. 

6. Бүгін - 25 мамыр. Жүректердің лүпілі, қоңыраудың сыңғыры. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймыз. Түлектер үшін ҰБТ сұрақтарын, білім ордаларының сипаттамаларын ұсынғымыз келеді. Іске сәт, жас түлектер!

7. Ай тәмамдалып келеді. Көгілдір көйлегін киген көктемнің де қоштасуына санаулы-ақ күн қалды. Бір ай бойғы жасаған жұмыстарыңызға есеп беріңіз.

  • Осы айда не тындырдым? Өмірімде не өзгерді?
  • Осы айда қанша ақша жұмсадым?
  • Осы айда қандай жетістіктерге жеттім?
  • Осы айда кімді ренжіттім? Не үшін?
  • Осы айда ата-анама қанша рет хабарластым?

Осындай сұрақтарға жауап беріп, бір айлық өміріңізді қорытыңыз. 

Достар, алдағы демалыс күндеріңіз сәтті өтсін! Жұмадан жұмаға жете берейік! 

Сурет: avim.ru, 123rf.com

М. Оңғарова