Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Назарларыңызда келесі аптада істеуге болатын 7 іс.

1. Аптаның басты жаңалықтарының бірі - Грекияда Олимпиада ойындарының алауы жағылғаны болып тұр. Олимпиадаға біздің елімізден де спортшылар қатысатынынан хабардар шығарсыздар. Төрткүл дүние көз тіккен ойында өз спортшыларымызға жанкүйер болуға дайындала берейік, достар.

2. Жазира Орынбасарды "Бастаңғының" "Аспаздық" бөлімінің тұрақты қолданушылары жақсы танып қалған болар. Әлбетте, оның шоколадтан жасалған тортының мәзірі бізге өте ұнады! Келесі аптада осы мәзірді жасап көрулеріңізге кеңес береміз! Басқа да сүйікті тағамдарыңыздың мәзірін бізге жіберулеріңізге болады.

3. Достар, массагетке бас сұғатын қолданушыларымыздың тең жартысы  - студенттер екені рас. Үшінші кеңесіміз студенттер, сіздерге арналады! Емтихан күн санап, жақындап келеді. Біреуімізде басталып та кеткен шығар. Жөнді жауаптардың сасқанда бытырап естен шығып кетпеуі үшін  есте сақтау қабілетіңізді жақсартыңыз! Және осы күндері аз ұйықтауға тырысыңыз. Біле білсеңіз, адамның ұйқысы бір сағат ішінде де қанады екен...

4. Ауруымыздың ем-домы айдалада емес, толған дәрі-дәрмектерде де емес, табиғи шырындарда. Келесі аптадан бастап, табиғи шырындарды ішуді әдетке айналдырыңыз. Әлбетте, денсаулық - басты байлығымыз.

5. Кофе ішуден ұйқыны келтіреді деп қашып жүргенімізбен, оның пайдалы тұсы орасан екен. Әсіресе, компьютермен бірге жұмыс жасайтын сіздер мен біздер жақында кофені іздеп отырып ішетін болармыз. Өйткені, кофе - сан сағат бойы компьютер алдында құртылатын көзіміздің нағыз қорғанышы болып шықты.

6. Ойлы адамдардың өмір жолы кім-кімге де қызық болса керек. Тұғырлы тұлғалардың қанатты сөздері де өміріміздің бағдаршамы іспетті. Келесі аптадан бастап, күніне бір-бірден қанатты сөздерді жаттап отыруды әдетке айналдырыңыз. 

7. Келесі аптаның жұмасы - халықаралық мұражай күні. Мұражай - әр халықтың айнасы. Атаулы күнде мұражайға бас сұғып, рухани байып қайтыңыз!

Сурет: ru.freepik.com, mail.ru

1947 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 11 мамыр 2012, 16:24
Пікірлер
+0
11 мамыр 2012, 16:55

Мұражайға барам! Қайдағы мұражай, 3 аптадан кейін диплом.... Оданша күніне бір сағат ұйықтап, есте сақтау қабілетімді жақсартатын кеңеске құлақ түрейін.

+0
11 мамыр 2012, 17:48

менде емтихан басталады! Ең алғашқысы ең қиыны! :P

+0
11 мамыр 2012, 17:50

Жазираның тортын жасап көрмесем

+0
11 мамыр 2012, 19:06

Үстіденттерге сәттілік!

+0
11 мамыр 2012, 21:40

Абзал, сәлем! Мында саған эстафета ұсынды: http://massaget.kz/blog/2050

+0
12 мамыр 2012, 10:49

Рахмет, алдым)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...