Махаббат жайлы қызықты деректер

Махаббат жайлы қызықты деректер

Ғалымдар ғасырлар бойы адам бойындағы осы бір сезімнің жұмбақ күйін зерттеп келеді. Осы уақытқа дейін ол жайлы қаншама дүниелер айтылып, қаншама сөздер қалды. Олай болса, назарларыңызға махаббат жайлы қызықты деректер мен ғылыми теорияларды ұсынамыз. 

Біз біреуді сүйіп қалған сәтте "айналамызда көбелек ұшып-қонып", қанаттанғаннан ұшып кете жаздаймыз. Одан қалса, бақыттан бас айналып, би билегіміз келеді. Шындығында, барлығы адам денесінде туындаған адреналиннен болады екен. 

Егер біз біреуге жақсы әсер қалдырғымыз келсе, еншімізде 4 минут уақыт бар екен.

Қарсы алдыңызда тұрған адамға көбіне дене қимылыңыз, даусыңыздың мәнері мен сөз бастауыңыз (айтылған ойдан гөрі) жағымды әсер түзбек.  

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, сүйіп қосылған жандардың жүрек соғысы көздің түйіскен сәтінен үш минут өтер-өтпесте теңесетін көрінеді. 

Ғалымдар адам сүйіп қалған сәтте ағзасы мидың 12 бөлігін жандандыратын химиялық зат бөлетінін дәлелдеді. Ғашық болудың миға әсері орасан. 

Ғашықтар құшақтасқан сәтте бір-біріне қатты бауыр басып қалғандарын және бас ауруларының тарқап кететіндігін сезеді. 

Жақын адамыңыздың жаныңызда болуы өзіңізді жақсы сезінуіңізге жол ашады. Кейде сағынышты басу үшін сүйген адамыңыздың суретіне қарасаңыз да жеткілікті.  Сынақ барысында айқындалғандай, жақын адамының суретін көрген жанның еңбекке қабілеттілігі артады.

Ер мен әйел, әдетте, өздеріне ұқсас жанды табуға тырысады екен. Алда-жалда қосағының сұлулығы кемшін түсіп жатса, өзге қасиеттерімен санасу арқылы, оны толықтыратын көрінеді.

Зерттеушілер бір-біріне тым өте ұқсас жандар мен мүлде ұқсас емес жұптардың, әдетте, айырылысып жататынын айтады.

Айырылысу мен қоштасу, жақыныңнан айырылу мен сүйгеніңнің сатып кетуі жүрек бөлігінде дерт туғызуы мүмкін. Мұны адамдар "жүректің жаралануы" деп айтады.

Уайымдау мен ауырсынулар мидың химиялық құрылымына әсер етіп, жүрек жұмысын қиындатпақ. Өз кезегінде, тыныс алу жолдарының асқынуына алып келуі мүмкін. 

Дерттің мұндай түріне көбіне әйелдер шалдығып тұратын көрінеді, ал дәрігерлер оны жүрек ұстамасымен шатастырады екен. 

Махаббат жыл өткен сайын кеми түспек. Зерттеушілер романтикалық махаббаттың бір жылдан ұзаққа созылмайтынын айтады. Жыл өткенде қарым-қатынаста "толып болған махаббат" аралығы басталмақ.  

Психологтар ғашықтық жайлы кез келген ойдың шығармашылық ойлауға әсер ететінін дәлелдеп шыққан. 

Психолог Роберт Стернберг махаббаттың үшқұрамды теориясын алға тарта отырып, оның бірнеше формуласын ұсынады: романтикалық махаббат = құштарлық + ынтықтық, бауырмал махаббат = ынтықтық + адалдық, жасанды махаббат = құштарлық + адалдық.

Қарым-қатынасты ұзаққа орнатқысы келетіндер ең бірінші кезекте бет-пішіннің өңділігіне қарамақ.

Жақсы қарым-қатынас орнаған жандар бір-бірінің физикалық ауырсынуларын жай ғана қол ұстасу арқылы жоятын болып шықты. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: boredpanda.com

Л. Лига