Апта кеңесі. "Жаужүрек мың бала"

Апта кеңесі. "Жаужүрек мың бала"

Сәлем, достар! Апта кеңесімізді атағы алты алашқа мәлім "Жаужүрек мың бала" фильміне арнаймыз. Қазақстандық кино әлеміне ерекше леп, соны серпін әкеледі деп күтіліп отырған фильмнің алғашқы көрермені болуға асығыңыз! Жаныңызға жақын адаммен бірге 3 мамыр күні қалаңыздағы кез келген кинотеатрға бас сұғыңыз. Бұған дейін ресми трейлері жарық көргенін айтып өткен едік.

Кино сыншылары әлемдік шедеврлармен теңесе алады деп отырған фильмнен алған әсерлеріңізбен де бөлісуді ұмытпаңыз!

Сурет: kazakhfilmstudios.kz

М. Оңғарова