Өмір сүруге кеңес

Өмір сүруге кеңес

Махаббат парасатсыз болуы мүмкін және ол онсыз өмір сүре алады, ал парасат махаббатсыз өмір сүре алмайды...

* * *

Бірінші: өзің үшін өліммен бетпе-бет келер қиын жағдайда оны бағалауды тоқтата тұру керек, өзіңнен өзің "соңы қалай болар екен, аман қалар ма екенмін" деп сұрама. Болған іс биік Еріктің ісі екенін біл. 

Екінші: ешқандай бақытсыздық немесе тағдырдың сынағы адамды езіп тастау үшін берілмейді. "Құдай адамға шамасы келмейтін салмақ салмайды" деген мәтелдің мағынасы осында. 

Үшінші: қиыншылық түскен кезде еш уақытта қорқуға я өкінуге, не ашулануға болмайды. 

Төртінші: қандай жағдай болып қалса да, алдымен және жаңынды сала көкірегіндегі Құдайға деген махаббат сезімін сақтап қал.

Ізгілік, қиын кезде көмек беруді көңіліңнің қалап тұруы Құдайға ұмтылудың қосалқы түрі. 

* * *

Адамзат баласының үш досы болады.

Біріншісі - тұрақсыз дос, ол - соңынан салпақтап жүріп жинаған дүние-мүлкің. Ажалдан хабар келгенде сені тастап, басқа біреудің қолына көшіп кете барады.

Екіншісі - ата-ана, жұбайың, балаларың, дос-жарандарың. Олар - саған мазар басына дейін еріп барар, содан кейін бет-бетіне кетер, бірте-бірте ұмытар.

Үшіншісі - бұл дүниеде жасаған жақсылығың, істеген қайырымды істерің, қалдырған сөздерің. Олар сен туралы сөйлеп тұрады. 

Біздің өмірге көзқарасымыз, оны нақты қабылдауымыз әртүрлі. Бір затқа қарасақ, әртүрлі нәрсені көреміз. Өйткені ойымыз әртүрлі.

Сонда да, бәрімізді біріктіретін бір нәрсе бар: біз шындықты іздейміз. Жақсымыз да, жаманымыз да.

Автор: Әкежан Дәкен

сурет: vk.com

Л. Лига