Апта кеңесі... Ала жіп

Апта кеңесі... Ала жіп

Сәлем, достар! Ғашықтар күні де артта қалып, кезекті жұмыс аптасы басталып кетті. Біздің апталық кеңесіміз - ала жіп туралы болмақ...

"Ешкімнің ала жібін аттама!" Бізді осылай тәрбиелеген. Атам қазақтың ырымы сол, ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетпен баланың тұсауын ала жіппен кескен, ала арқанды қораның айналасына керіп қойса, мал-жан аман болады. Тіпті, дауласқан екі жақты татуластырғанда да ала жіпті қолданған.

Бақытты өмір сүрудің кілті тек өзіміздің қолымызда. Біреудің кесіріне тиетін нәрсені істемес бұрын, ойланыңыз! Бақытқа бастар жол осындай адамгершілік қағидаттардан құралса керек. Ешкімнің ала жібін аттамауға өз-өзімізді үйретейік! 

сурет: liveinternet.ru

М. Оңғарова