Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Сәлем, достар! Өмір өз ағысымен жылжып, жұма да жетіп қалыпты. Аптаның соңына таман, өткен аптаны қорытындылап, не істеп, не қойғаныңыз жайлы таразылап жатқан шығарсыз. "Келер аптада алтын уақытымды қалай мәнді қылып өткізем?" деп те ойланған боларсыз. Олай болса, дәстүрлі жаднамамыз сізге көмекке келеді. 

 Ерке көктем күлімдеп, жүрегімізге махаббат оты еніп жатыр. Келер аптада сүйікті жаныңызбен бірге қайда барсам екен деп бас қатырып жүрсеңіз, сіз үшін жағымды жаңалығымыз бар. Шынайы сезімнің тәттілігі мен беріктігін шебер бейнелеген әйгілі "Титаник" фильмі осы аптада 3 D форматында әлеммен қайта қауышты. Фильмнің жаңарған нұсқасы кім-кімді де қызықтырмай қоймас. Олай болса, қапы қалмаңыз!
 Ағылшын тілін меңгеріп, компьютердің құлағында ойнасаңыз, сізден артық білікті маман жоқ. Маманнан бұрын, өзіңіздің білім байлығыңыздың артуына үлкен септігін тигізеді. Қалай үйренемін? деп үрейленбеңіз. Массагет.кз сайтындағы ағылшын тілін меңгеру курсы мен компьютер үйрену сабағы өз жалғасын табуда! 
Бұл аптада редакция таңдауы Қабдеш Жұмаділовтың «Көк жал» атты кітабына түсіп отыр. Осы кітаппен бірге, қатпарлы тарихы бар өткен күннің белестеріне бірге саяхат жасайық! Ал қалың томды қиналмай оқып шығу үшін кітап оқудың 4 ережесіне көз салыңыз.
Ғашықтар күні жақындап келеді. Ғашықтар күніне орай, махаббат тақырыбындағы ең үздік 10 ән рейтингі қолданушыларымыздың қолымен құралуда! Сіз де тыс қалмаңыз. Мүмкін, дәл сіздің сүйікті әніңіз осы рейтингтің көшін бастап қалар... Сондай-ақ, 15 сәуір - Ғашықтар күнінің дәстүрін ойлап табуға атсалысыңыз! 
Данышпандардың бір ғана оймақтай ойы біреудің өмірлік ұранына айналуы мүмкін. Редакция дүниені дүр сілкіндірген даналардың нақыл сөздерін тізбелеп отыруды дәстүрге айналдырмақ. Үнді ойшылы Махатма Ганди мен қытай данагөйі Конфуцийдің нақыл сөздерінің тереңіне сүңгіп, жүрегіңізге тоқыңыз...
Түнде ұйқы, күндіз күлкіден айырған ҰБТ күн санап жақындап келеді. Түлектеріміз үшін де жақсы жаңалығымыз жоқ емес. Тест ережесі мың құбылып, жүз түрленсе де,  ҰБТ өту балы өзгермейтін болды! ҰБТ-2012-нің өзге де жаңалықтарынан тез арада құлағдар боламын десеңіз, Массагет.кз-тен көз жазып қалмаңыз.
Әлбетте, бүгінде компьютерсіз күн жоқ. Кенеттен жұмыс үстеліңізде сіз үшін маңызды құжат қалып қойды. Үйден жұмысқа қайтып келіп, әуре боласыз. Бұндай жағдай қайталанбас үшін үйде отырып-ақ, жұмыс үстеліңіздегі құжаттарды пайдалануға болады. Жо-жоқ, бұл сиқыр емес. Бұл компьютерді алыстан басқаратын арнайы бағдарлама. Сенбесеңіз, орнатып көріңіз!

П.С: Осы кеңестердің қайсын, қалай орындағаныңыз жайлы бөлісуді де ұмытпаңыз. Сәттілік, достар!

5405 14
Рейтинг: +1

Дайындаған: aaa aaa
Қосылған күні: 06 сәуір 2012, 12:43
Пікірлер
+0
06 сәуір 2012, 12:50

алақай, жаднама :D "Көкжалды" оқимын, бағдарламаны орнатамын, "Титаникті" де көремін, Қысқасы, барлық кеңестерді есімде сақтаймын :)

+0
06 сәуір 2012, 12:54

1, 2, 3-ті орындаймын, сонымен қоса 15-і құрбымның туған күнін ұмытпау керек!

+0
06 сәуір 2012, 12:56

Ғашықтар күні, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнін осы жерде дүркіретіп ат шаптырып, ас беріп бір шашылып өткізуге қалай қараусыздар???

+0
06 сәуір 2012, 13:13

қыз қуу болады ма ;)

+0
06 сәуір 2012, 14:10

қуатындар көп, қыз жоқ боп тұр)) Бар ма?

+0
06 сәуір 2012, 14:14

бар ғой))))) Абзал, далаға шық, көзіңді аш, жан-жаққа қара, кім көп :?:

+0
06 сәуір 2012, 14:16

Ештеңе жоқ қой. Әне бір тал өсіп тұр, астына көк шөп өсіпті. Ар жағында екі қыз отыр орындықта... Оппа :)

+0
06 сәуір 2012, 14:18

)))))))))))) сәттілік ;)

+0
06 сәуір 2012, 13:40

Осының көркемделуі қатты ұнайды! Нағыз дизайнер екен! ;)

+0
09 сәуір 2012, 00:03

ия, Макс маладес :D

+0
06 сәуір 2012, 14:00

Үздік әндер тізімін жазыңыздар, сүйікті әніңіздің үздік ондықтан болуына ат салысыңыздар! ))

+0
06 сәуір 2012, 19:36

қызықтың көкесі әлі алда...

+0
07 сәуір 2012, 01:13

Келістік онда!

+0
07 сәуір 2012, 11:04

Сергіп қалдым, біразын орындаймын :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...