Кеңес пен қулық

Кеңес пен қулық

Жаман әдет-құлық қатал жаза арқылы ғана кетпек. Егер жол-жөнекей әлгі жаман әдетке жол салып бара жатсаңыз, онда, алдымен жағымсыз әрі қатал іс-әрекетке баруыңыз тиіс. Әр жолы солай істеп тұрсаңыз, ертелі-кеш жамандыққа бастайтын әдеттен мидың өзі құтылуға тырысады.

Мұны неге айтып отырғанымды білмеймін, бірақ бір қажеті болып қалар. Мәселен, бильярд ойынына достарыңызбен бірге барып, екі ортада бәс шығып кетті делік. Ал сіз болсаңыз шарларды бір ортаға жинастырып жатқан адамсыз. Сол тұста үшбұрыш жасауға тілек білдіріп, шарлардың ара-арасын білдірмей ашып қойыңыз. Сонда, пирамиданы жару қиын соғатын болады.

Банкетте ішпеу үшін (нені айтып отырғаным белгілі ғой) сөмке мен сырт киіміңізді қолыңызға ұстап бармаңыз. Білдірмей шығып кету қиынға айналады.

Ел-жұрттың алдында сөз сөйлемес бұрын, алдымен айнаға қарап жауап беріп алыңыз. Айнадан сіздің артықшылығыңыз бен кемшіліктеріңіз көрініп тұрады.

Бірнеше қызбен кездесіп жүрген адамға "Күнім менің!, "Айым!", "Жаным", "Қалқам!" деген сөздерді айтуға кеңес береміз. Кім біледі, екінші бір қыздың есімін қайталап қалып, бастан төмпеш алып жүрмесе жарады.

Демалысқа шығып бара жатсаңыз, жаныңызға досыңызды ертіп шығыңыз. Тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қыз-келіншектер бір ерден гөрі, бірнеше ер тұрған жерде қарым-қатынас жасағанды ұнатады. Және басы таз, үндемес, мұңлы досыңызды ертіп шығудың қажеті шамалы.

Аяқ-киіміңіздің бауы жүн-жұрқадан емес, синтетикалық талшықтан болғаны дұрыс: олар мықтап ұстайды және аз үзіледі.

Есікті иықпен бұзып кірем деу далбаса әңгіме. Мұндай жәйттар тек төбелес киноларында ғана әдемі көрінеді. Ең жақсысы, аяқпен тебу. Құлып тұстан бір тепсеңіз жетіп жатыр.

Мереке күндері қызыңыз үй жинауды сізге тапсырады. Ал сіз кетәрі емессіз. Алдымен шаңды сүртесіз, бәрін ұқыпты жинастыруға тырысасыз (қызыңыз санаулы ғана минутқа дүкенге кеткен). Оның түкке керегі жоқ, ең бастысы, диван үсті мен еден таза болса жеткілікті. Көзге көрінетін жерлердің ғана шаңын сүртіп, шашылып жатқан заттардың қуыс-қуысқа "зу" еткізіңіз. Және мұның бәрі қас-қағым сәтте орындалып шыға келеді. Әрі керемет әсерге бөлейді.

Қызанақ, бұршақ, қарбыз, грейпфрут, жалпы, кез келген жеміс-жидек пен көкөніс темекіден келер қауіпті төмендетеді. Оларда қан айналымын жақсартатын және темекі түтінінің зиянды заттарына антидот саналатын каротиноид ликопин бар.

Егер компанияның бүкіл мерекесі мен той, туған күндері тізімдеп шығатын болсаңыз, онда 365 күн торт пен шампан ішіп жүруге мүмкіндік туады. Ол үшін алпауыт компанияға жұмысқа тұрып алу қажет.

...Қай қабаттан құламаңыз, аяқпен тік түсуге тырысыңыз. Құлау сәтінде, әрине, беломыртқа "кетуі" мүмкін, бірақ, есесіне, қалған бөліктер аман қалады.

Егер сіз осы жұмысыңызға еш қызығушылықсыз қарайтын болсаңыз, онда бірден тастап кетіңіз. Сіз текке уақыт жұмсап жүрсіз.

Пенальтиді қай бұрышқа тебетініңізді нақты шешіп алыңыз. Және осы шешіміңіз допқа келгенде де өзгермесін.

Қызды таң-тамаша қалдырудың ең жеңіл жолы: оған өзіңіздің көп сөйлейтініңізді және осы сәтте мүлдем сөйлей алмай қалғаныңызды айтыңыз. Шынайы шыққаны өз алдына, қошемет саналады.

Ұялы телефонды алақанға қысып ұстап алып, төбелес біткенше қолдан тастамаңыз (әсіресе, егер маңызды қоңырау күтсеңіз). Ұялы телефон қорғасынның өзіндік қызметін атқарады. Телефоныңыз қаншалықты шағым, ышқамды болса, соғұрлым соққы да сәтті шығады.

Cурет: lifun.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига