Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Екі әкенің тәрбиесі

Екі әкенің тәрбиесі

Екі әкенің тәрбиесі

Жапон ұлтынан шыққан бизнесмен, инвестор, жазушы-ұстаз Роберт Кийосакидің «Бай әке мен кедей әке» деген кітабы жайлы естіген боларсыздар? Автордың ойынша, адамдар ақшаның жұмыс заңдылықтарын білмей тұрып, өмір бойы финанстық жетістіктерге жете алмайды екен. Әлемге әйгілі ақша жұмсау методикасын ойлап табушының кітабы АҚШ-та 26 миллион таралыммен оқырман жүрегіне жол тартқан еді. Осы желілес кітаптан бүгін Массагет оқырмандарына үзінді ұсынамыз.

Менің бірі бай, бірі кедей екі әкем бар. Бірі тамаша тәрбие көрген, ғылымның әр саласын игерген, докторлық атақ алған, екі жылға жетпейтін уақыт ішінде толық курсты аяқтап, Стэнфорд, Чикаго, Батыс Солтүстік университеттерінде білім алып үлгерді. Ол тек оқып қойған жоқ, өзі оқыған жоғары оқу орындарының барлық сыйлықтарына да ие болып отырды.

Енді бір әкем ше? Ол бірінші әкеме мүлде керісінше. Мектепті толық аяқтамаған.

Екі әкем де табысқа жеткен адамдар. Олар өмір бойы құлшынып өтті, екеуі де мол ақшалы. Бір ғажабы, бірі экономикалық қиыншылықта жасап келді, бірі маңдайы жарқыраған бай болды. Бірі көз жұмар алдында үлкен қайырымдылық қорларына, жетімдер үйіне миллиондаған қаржысын аударып кетсе, енді бірінің артында миллиондаған қарыз ақша қалды.

Шындығында екеуі де қайтпас қайсар, баурау қуаты күшті, басқаларға теңдессіз ықпал көрсете алатын адамдар еді. Екеуі де маған әр қырынан тәрбие беріп отырды. Алайда, тәрбиелерінің мазмұны ұқсамайтын еді. Олардағы бір ортақтық – екеуі де білімнің құдіретіне ерекше сенетін, бірақ, маған беретін сабақтарының мазмұны ұқсамайды. Егер жалғыз әкем болса, оның талабын қабылдай салу оншалықты ауыр болмаушы еді. Қаласам қабылдаймын, қаламасам өз еркіммен өмір сүріп, тойтарыс беремін. Әкем екеу болғандықтан, олардың идеялары, тәрбиелері объективті жақтан маған салыстыру және талдау орайын жаратып берді. Енді ойласам, бұл байлардың көзқарасы мен кедейлердің көзқарасы арасындағы салыстыру және талдау екен. Одан да маңыздысы – салыстырудың нәтижесі менің тағдырымды белгілепті.

Екі әкемнің көзқарасы қарама-қарсы болғандықтан, пікір бірлігіне келе алмадым. Талаптарын жай қабылдай салуға, тойтарып тастауға да құдіретім жетпеді, осы барыста тіпті де көп ой жүгіртіп, өзара салыстырып, талдау жүргізу керек екендігін түсіндім.

Кейбір адамдар «Мұның қажеті шамалы, бай әкеңнің тәлімімен жүрсең, ақшалы адамға айналып шыға келесің, оны таңдап бас ауыртып қайтесің?» деуі мүмкін. Бірақ мәселенің қиыны мынада, маған әр екеуі тәлім беріп жүргенде, бай әкемнің  ауқаты шамалы, ал кедей әкем қоңырқалта күйде болатын. Екеуі де тіршілігін енді бастап, өмір үшін құлшынып жатқан болатын. Сөйтсе де, олардың ақша және байлық жөніндегі түсінігі екі басқа, бір әкем: «Байлық – жауыздықтың төркіні» десе, бір әкем: «Кедейлік – жауыздық атаулының төркіні» дейтін.

Ендеше олардың қайсысы табысқа жетеді? Қайсысы қалталы бола алады? Қайсысының сөзін есту керек? Ол шақта мен әлі бала едім. Сондықтан мамандығы қарама-қарсы екі әкемнің талабынан шығу қиын болып, екі оттың арасында қалдым. Мен тәрбиелі бала болғым келетін, бірақ, екі әкем екі кеменің адамы, әсіресе, ақша мәселесіне келгенде, екеуінің айырмашылығы айрықша еді, бұған кейде қайран қалсам, кейде әңкі-тәңкі күйге түсемін. Сонымен әкелерімнің пікірі үстінде өзімше талдау жүргізетінмін.

Мен талайға дейін өзіме «Олардың көзқарастарында неліктен осыншама көп ұқсамастық бар?» деп сұрақ қойып жүрдім. Әкелерімнен де осы сұрақтың мәнін шешіп беруді сұрадым. Өзім талдау жасамай, олардың кез келген біреуін құптап, біреуін тойтарып тастау маған аса оңай еді. Сүйікті әкейлерімнің ұқсамаған көзқарастарына талдау жасауым керемет болған, бұл менің әрбір қайшылықты мәселелерге ішкерлей кіріп, ой әлемімнің түрліше болуына түрткі болып, кейінгі өмір сапарыма ерекше әсер етті.

Мен байлардың бірте-бірте тіпті де ауқаттана түсу, кедейлердің сіңірі шығу, орта буржуазияның қарыз қамытында малшынып жүруінің түпкілікті себебі – олардың ақшаға болған көзқарасы мектептен емес, отбасынан келгендігін білдім. Көп адам ақшаны ата-анасынан біледі. Кедей ата-аналар ақшаны қалай жұмсау жөнінде баласына тәрбие бергенде: «Тек мектепті жақсы оқысаң болды» дейді. Балалары қаншалықты жоғары нәтижемен тәмамдаса да, мұрагер болатыны сол кедей ата-анасының ақша жұмсау тәсілі және ойлау формасы болғандықтан, бәрібір жөргегінде қалыптасқан көзқарастан кедейлік қамытын іліп шыға береді.

Менің білуімше, АҚШ-тағы мектептерде ақшаға қатысты негіздік сабақтар әлі жолға қойылған жоқ. Мектептер ғылыми дүниені, кәсіптік қабілетті жетілдіруге дейін ғана шұқшиып, шаруашылық басқару тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Сонша көп сұңғыла банкир, дәрігер, есепшілердің мектептегі нәтижесі керемет, бірақ, өмір бойы ақшадан тарығып өтеді. Саясаткер, үкімет мансаптылары жоғары тәрбие көргенімен, экономика жағындағы білімі аз немесе жұрдай.

Егер қоғамымызда миллиондаған адам емделу көмегіне зәру болса қайтер еді? Отбасындағылар мен үкімет әрине жәрдем береді. Егер емделу қаражаты мен қоғамдық сақтандыру қаражаты жоқ болса ше? Бұл адамды алаңдатады. Ақша табу жөніндегі маңызды тәрбиені өзі қолы қысқа, тығырыққа тіреліп отырған ата-аналарға жүктесек, кедейлік «сырқаттың» тамырына балта шауып, тұтас қоғамды байлыққа кенелту жайын қайта ойласу керек.

Менің өзіме ықпалы зор, әр тараптан үйренуге татитын екі әкем болғандықтан, әкелерімнің пікірі жөнінде ойланбасыма болмады. Бұдан бір адамның дүниеге көзқарасы оның өміріне төтенше ықпал көрсететіндігін білдім.

Бір әкем: «Менің қолымнан келмейді» дегенге әуес, тағы бір әкем мұндай сөз айтпайды, «Қайткенде қолымнан келеді?» деген сұрақ төңірегінде ойланып жүреді.

Адам миы дүниедегі ең керемет компьютер. Бай әкем үнемі: «Ми жұмсаған сайын өтіп, ақшаны да молынан табасың» дейді. Ол «Менің қолымнан келмейді» деу рухани жақтағы жалқаулық екенін де айтады.

Мен әкелерімнің жай-күйін қадағалап отырамын. Әр екі әкем жұмыста ерекше тырысса да, ақша мәселесіне келгенде, бір әкем амалын тауып шешіп отырады, енді бір әкем істі өз жөніне жіберіп әдеттеніп қалған. Осының нәтижесінде біреуінің экономика басқару қабілеті тіпті күшейсе, енді біреуінікі барған сайын төмендеген. Бұл бейне үнемі шынығу үйіне баратын адам мен креслода шалқадан түсіп теледидар көретін адамның дене сапасының ұқсамайтындығы сияқты. Үнемі ми жұмсау баю орайыңды кеңейтеді. Жалқаулық табиғи түрде күш-қуатыңды әлсіретіп, байлығыңды ортайтады.

Жоғарыда айтқанымдай, олардың танымдық тартысының өзі бір төбе. Бір әкем мемлекеттік салықты көп тапсыру арқылы бақытсыз адамдарға көмектесуге болады десе, бірі ол еңбек адамдарын жазалау деп қарайды. Біріншісі танымыңды ұштап, ырықты компанияларды сатып алуға ұмтыл десе, екіншісі ұрпағым үшін ақшалы болуым керек дейді. Бірі дастархан үстінде мұнай әңгімені шектесе, бірі осындай кеңестерге шабыттандырып отырады. Бірі: «Ақша табуда абай бол, қатерге ұрынып қалма» дейді, бірі: «Ақшаны басқаруда қатердің алдын алуды үйреніп ал» дейді. Біреуі: «Қора-жай, мал-мүлік ең үлкен қаржы» десе, біреуі: «Сенің ең үлкен қарызың сол қора-жайың, егер оны қаржы деп есептесең, әурешілікке жолыққаның» дейтін. Екі әкем де қарыз арқалауды намыс санайды. Қандай күнде де қарызын уақытында қайтарады. Ұқсамайтыны бірі айдың басында, бірі айдың аяғында төлейді.

Бір әкем биліктің талабын қанағаттандырып, өзіне көңіл бөлетіндігіне сенеді. Жалақысының өсуі, зейнетке шығу жасы, емделу қаражаты, науқас себебінен ерте демалысқа шығу, қосымша көмек дегендерге елеңдеп отырады. Оның әскер қатарында болып, жиырма жылдан соң зейнетақы мен қоғамдық сақтандыру қаражатына қол жеткізген екі ағасы өзіне терең әсер қалдырған. Ол үкімет үшін жан-тәнімен жұмыс істеп, сол бейнетінің зейнетін көруге хақым бар деп есептейді.

Ал екінші әкем ақша мәселесінде бүкілдей дербестікті дәріптейді. Ол «әрине солай болғаны жөн» дейтін психологиялық танымға қарсы. Ол мұндай ойды әлжуаздық, экономикалық жақта басқаларға иек сүйеушілік деп қарайды. Ол кісі үздіксіз бәсекені қуаттайды. Бір әкем тапқан-таянғанын банкке қойса, бір әкем тоқтаусыз айналымға қосып отырады. Бір әкем қызметке қабылдану үшін түйіндемені қалай керемет жазуды үйренсе, енді бір әкем жұрт көңілінен  шығатын жұмыс жоспарын және қазына жоспарын қалай жасауды, мұнымен игілік жарату орайына қалай кенелуге болатынын үйрететін.

Екі мығым әкенің тәрбиесінен жаралғасын, ұқсамаған көзқарастың бір адамның бүкіл өміріне қалай әсерін жасайтынын, адамдардың өз идеясы арқылы өмір жолын қалай жөнге салатындығын байқадым.

Кедей әкем: «Бай боп көргем жоқ, кедей боп өлгем жоқ» дейді. Ақыры оның сөзі шындыққа айналды. Ал бай әкем болса, жоқ болса да тоқ боп жүреді, бірер іске душарласқанда: «Мен қалталы адаммын, бай адам ежелден бұлай істемейді» дейді. Әуелі, бір жолғы шаруашылығы түп-тамырымен күйрегеннен кейін де баймын деуден жазбаған еді. Ол: «Кедейлік пен күйреудің арасындағы айырмашылық: күйреу уақыттық, кедейлік өмір бойғы қалпағың» деп өзін жігерлендіретін. Кедей әкем: «Мен ақшаға оншалық қызықпаймын» немесе «Ақшаның мен үшін бәлендей маңызы жоқ» десе, бай әкем: «Ақша – күш» дейтін.

Идеяның күшін ешкім таразылай алмайды. Бала кезімнен бастап кедей әкемнің кедей болу себебі, оның тапқан ақшасының аз-көптігінде емес, қайта өзінің ой-пікір, іс-әрекетінде екендігіне зер салдым. Олардың өзіме сіңірген  ұқсамаған идеясын мұқияттылықпен талдап, пайдаланып отырдым. Әкем екеу, шындығында, қайсысын тыңдағаным жөн? Кедей әкемнің бе, жоқ әлде бай әкемнің бе?

Екі әкем ұрпақ тәрбиесі мен үйренуге ерекше мән беретін. Бірақ ненің маңызды, ненің маңызсыз, қайсы нәрселерді үйрену керек дейтін түйінге ойысқанда, көзқарастарында мүлдем кереғарлық пайда болатын. Бір әкем тырысып білім алып, жоғары нәтижемен оқуды бітіріп, жалақысы жақсы қызметке тұрып, ғылым иесі болуымды қаласа, енді бір әкем ақша табуды үйренуге, ақшаның айналым заңдылығын түсінуге, әрі ақшаның айналым заңдылықтарын пайдалануыма күш жұмсауым керектігін айтады. Ол үнемі: «Мен ақша үшін емес, ақша мен үшін қызмет өтеуі керек» дейтін.

Мен тоғыз жасқа шыққан жылы ақыры бай әкемнің ақылын тыңдап, одан ақша табуды үйренуге бекідім. Кедей әкемнің таудай-таудай ғылыми атағы болса да, оның ақылынан ат-тонымды ала қаштым. Сонымен бастан бай әкемнің жолымен жүрдім.

Менің бекімімнен кейін, ақша туралы тәрбие басталып та кетті. Бай әкем мені 39 жасқа шыққанға дейін тұп-тура 30 жыл тәрбиеледі. Жалықпай берген тәлімінің арқасында көкейіме ұялағанын байқап ұзақ жыл бойғы тәрбиесін аяқтатты.

Ақша – күш. Одан да маңыздысы экономика басқаруға қатысты тәрбиелер. Ақша қолдың кірі. Бірақ ақша айналымын түсінгенде ғана оның күшін тежеп, әрі байлық топтай бастайсыз. Бай әкем сауаттылыққа үйретті. Оның айтпақ болғандарын біз мына алты түйінге жинақтадық:

  1. Байлар ақша үшін қызмет істемейді.
  2. Не үшін экономика білімдерін үйренеміз?
  3. Өз қызметіңе назар аудара біл.
  4. Мемлекеттік салықтың тарихы және компанияның қуаты.
  5. Байлардың қаржы қосуы.
  6. Ақша үшін қызмет істеуден сақтан.

Бұл дәрістер миымда отыз неше жыл қайталанды. Бұл сабақтар өмірдің формуласы емес, жол сілтеушісі. Мынау сан құбылған зымыран заманда еркін ойлануыңа уақыт жар бермейді. Бірақ өзің және ұрпағыңның байлық жинауына жол сілтейтіні даусыз.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: asesorpadrerico.blogspot.com

1250 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 17 маусым 2013, 12:45
Пікірлер
+0
17 маусым 2013, 21:19

Қайткенде қолымнан келеді?эх,,,,,,,,

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...