Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп сұра...

Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп сұра...

Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп сұра...

Қиналып кеткен, жан азаптанған сәттерде осы бір тұмардай сөздерге назар аударыңыз. Және қабырғаға іліп қойсаңыз болғаны...

* * * *

1)  Өзгелер қаламаған істі бүгін істе, өзгелер қалаған өмірді ертең сүресің.

2) Егер қиындықты шешуге болатын болса, онда ол жайында уайымдаудың қажеті жоқ. Ал егер қиындық шешілмейтін болса, онда ол жайында уайым жеу мағынасыздық болар еді. © Далай Лама

3)  Тіпті, сіз өте талантты болып және бар күшіңізді сарқа бір іске жұмылдырып жатсаңыз да, кейбір жетістіктер үшін уақыт қажет-ақ: қазір, тіпті, тоғыз әйелдің аяғы ауыр болсын, бәрібір де бір айдан соң бала туып бере алмайды. © Уоррен Баффет

4) Әр адамның есігін жылына бір рет келіп Бақ қағады, оның сол дыбысты ести қоюы екіталай. © Марк Твен

5) Біздерге ең басты жетіспейтін нәрсе - бұдан қайран болмас деп бірден қолды сілтей саламыз. Жетістікке жетудің дұрыс жолы - әр уақытта қайта-қайта байқап көру. © Томас Эдисон

6) Жеке басым кілегей қосылған қойбүлдіргенді жақсы көремін, бірақ, балық бәріне қарамастан, шұбалшаңды ұнатады. Міне, сондықтан да әр жолы балыққа шыққанда, өзім жақсы көретін нәрсені ойлаудың орнына, балық жақсы көретін нәрсені ойлап барамын. © Дейл Карнеги

7) Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп, кешке, жатар алдында: «Мен не бітірдім?» деп сұра. © Пифагор

8) Байғұс, жолы болмағыш, бақытсыз және дені сау емес адам, ол -"Ертең" деген сөзді көп пайдаланатын адам. © Роберт Кийосаки

9) Қарттар жағы үнемі жастарға ақша үнемдеу керектігін айтып жатады. Ал менің айтатыным, үнемдемеңдер. Нашар кеңес. Өзіңізге жұмсаңыз, салыңыз. Мен өз өмірімде қырық жасқа жеткенше, доллардың өзін үнемдеп көрмек емеспін. © Генри Форд

10) Менің қалауым. Ендеше, орындалады. © Генри Форд

11) Мен жеңіліске ұшыраған жоқпын. Мен жай ғана іске аспайтын 10 000 әдісін таптым. © Томас Эдисон

12) Ауыр жұмыс — жасауыңыз керек болған, бірақ, сол күйі жасалмай қалып келген жеңіл жұмыстардың жиынтығы. © Джон Максвелл

13) Мен бұрын өзіме айтатынмын: «Бәрі өзгереді деп үміттенемін». Кейін барып, бәрі өзгеруі үшін бір ғана жол бар екенін түсіндім — өзім өзгеруім керек екен. © Джим Рон

14) Сабақ алған және өмір бойына жетегінде келе жатқан ақыл-ойым байқап көру, көріп білу, және тағы да байқап көруден тұратын — бірақ, ешқашан берілмеу! © Ричард Бренсон

15) Сәтсіздік — бұл жай ғана бәрін басынан бастаудың мүмкіндігі, бірақ, енді ақылға салып бастау керек деген сөз. © Генри Форд

Сурет:leadershipvoices.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

3987 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 13 маусым 2013, 09:49
Пікірлер
+0
13 маусым 2013, 09:15

(атауын, қиын болмаса, сәл дұрыстап қойсаңыздар.)

+0
13 маусым 2013, 09:21

түсіну ауыр екен)

+0
13 маусым 2013, 13:27

Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп, кешке, жатар алдында: «Мен не бітірдім?» деп сұра. © Пифагор

+0
13 маусым 2013, 14:31

9 da eshtene tusinbedim..

+0
13 маусым 2013, 15:55

Мыналарды қойын дәптерге жазып алсам дұрыс сияқты. Сонымен әр дәйім есте сақтасақ тіпті керемет. Жақсы.

+0
26 маусым 2013, 18:50

керемет создер! Осындай создерди жаксы корем!!! Осыларды окысам озиме деген сенимдилик артады!!! Менин калауым! ендеше орындалады!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...