Апта кеңесі

Апта кеңесі

Көптен күткен көктемнің келгеніне бір айдай уақыт болса да, нағыз көктемнің шырайлы  күндері елімізде енді етек жайған сияқты. Бұл күні көктем тек далада ғана емес, әрқайсымыздың жүрегімізде де. Ұзын қыста жылы сезімге зар болған жүректеріміз қазірде ыстық махаббатты талап етуде. Оған тыйым салмаңыз, көмек беріңіз, әрекет жасаңыз! Бұрыннан бері ұнатып жүрген жаныңыз бар ма еді? Ендеше, осы аптада, көктемдік көңіл-күй кетпейінше, ғашығыңызды кездесуге шақырып, сезіміңізді білдіріп көріңіз! Мүмкін ол да махаббатты аңсап жүрген шығар?

a. aaa