Келетініңді біліп ем

Келетініңді біліп ем

Франция армиясының бір тармақ қосынында ағалы-інілі екі әскер бірге соғыс жүргізіп жатты. Герман әскерінің бомбалауы кезінде ағасы ауыр жарақат алып, соғыс майданында қалып қойды. Інісі ағасын алып келуге қанша ниеттенсе де, командиры оған рұқсат берген жоқ.

- Оның әлдеқашан өлгені белгілі ғой. Қатерге бел буып керегі не? Оның мүрдесін алып келгеннен келер-кетер бірдеңе бар ма?

Бірақ інісі өз пікірінде қатаң тұрды. Командир ақыры оған рұқсат берді. Қар аралас жаңбыр жауған соғыс майданынан ол ақыры ағасын тапты.

- Өлімді де елең құрлы көрмей оны алып келдің, не пайдасы болды?

Айналасындағы жауынгерлерден осындай үндер естіліп қалып жатты.

- Мен ол тағатсыздана күтіп жатқан істі атқардым, - деді жас жігіт. – Оның қасына барғанымда, ол менің келуімді күтіп жатыр екен: «Там, сенің келетініңді біліп едім» деді де, жан үзді. Егер бармасам, мен өмірлік өкініште қалып, арман арқалап өтер едім! – деді әскер.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: tgbus.com

M. Auelkhan