Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Қыздар туралы білгіңіз келсе...

Қыздар туралы білгіңіз келсе...

Қыздар туралы білгіңіз келсе...

Қыздар туралы қызықты деректермен бөліссек дейміз. Бір жаққаны көңілге қонар.

* * * *

Барлық дерлік қыздар бұрынғы жігіттері өздерін ойлап, қайта оралғылары келіп жүр деп санайды.

Жігіттер, қыз баласының үнемі назарында "мұжықтылық" (ер азаматтылық) болады. Олар бүкіл болмысыңызды назарда ұстайды (дене тұрқыңыз, көзқарасыңыз, іс-қимылыңыз). Сондықтан еш жағдайда таңғалмаңыз, сәл ғана сәтсіздіктің өзіне тастап кетіп жатса..

Егер сен қызбен бір бөлмеде өмір сүруге бел байласаң, онда ертелі-кеш бөлменің тоқсан пайызы оның иелігіне өтпек. Ал бөлменің бір бұрышы сіздің иелігіңізде.

Ерлерге қарағанда, әйел затының миы негізінен көп істерді бірден шешуге бағдарланған.

Құрбысы жаңа киім сатып алса, онда осы демалыс күндері сіздің де қалтаңыз қағылады.

"Сен жақсы жігітсің..." - бұл жерде сізді еркек деп қарастырып тұрған жоқ, артынша куә боласыз: "...бірақ дос болып қалайық".

Қыз бен жігіттің арасындағы достыққа сенетін қыздар әрқашан өз жігіттерінің дос қыздарына бәсекелестікпен қарайды.

* * * *

Анықталғандай, әйел баласы әңгімелескеннен көңілдері жай тауып, жеңілдеп қалатын болып шықты. Және олар сөздік қорлары ерлерге қарағанда үш есе артық бай. 

Егер қыз сенің жақсы көретін футболшыңды немесе туған күн, туған-туыстарынды білгісі келіп жатса, онда ол сіздің әлеуметтік желіңізді бұзғысы келеді.

Қыздар достарыңыздың алдында әдейі қылымсиды және сонысымен сіздерді қызғанышқа бөлейді.

Қыздар алғашқы кездесуде жігіттің ақшасына немесе қырынған-қырынбағанына назар аудармайды. Ал бірақ қиял-елестің (воображение) жоқтығын кешірмек емес.

Барлық қыздарда қосалқы құрамда тұратын жігіттер болады.

* * * *

Олар сіздің футбол, компьютер, достар мен азды-көпті сыраға уақыт бөлетініңізге қарсы емес. Олар жай ғана үнемі өздеріне көңіл бөлінгенін қалайды.

Қыздар сондай нәзік, үзіліп тұрардай болып көрінеді. Жоға, шын мәнінде олар сізді алдап соққысы келеді...

Сүйіп қалған қызыңызды сағат 8-ге кездесуге шақырсаңыз, біліп қойыңыз, ол сағат 4-тен бастап шығуға дайындалады. Иә, сосын бір ескерте кетерлігі, міндетті түрде кешігіп келеді.

Қыздар қапқа салынған үлкен сыйлықтан гөрі кішкене, бірақ, өте әдемі қапталған шағын сыйларды ұнатады.

Олар махаббаттарын жұлдыз жорамал мен ырым-жырымдарға қарап бағалайды.  

* * * *

Қыздар киім сатып аларда өз көлемдерінен кішірегін алады. Сол арқылы өздерін салмақ тастауға мәжбүрлейді.  

Қыздар сіздің сөйлеу мәнеріңіздің сүйкімсіз немесе болымсыз шығып тұрғанына қарап та ренжи салуы мүмкін.

 

Сурет:jo-jo.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

18984 17
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 15 мамыр 2013, 19:00
Пікірлер
+0
15 мамыр 2013, 19:11

рас жерлеріде бар дұрыс емес жерлері де бар, тілге бай болмайды қыз балдар, сол үшінде қыз құлағымен сүйеді, ер адам тілінің байлығымен қызды сендіреді, сосын бір мезетте бірнеше істерді бірден атқармайды, сол үшінде үлкен бизнесте ер адамдар көп, мүмкін үй шаруасында шығар,

+0
15 мамыр 2013, 22:04

хеххехехех

+0
15 мамыр 2013, 22:49

Жігіт жазғасын келіспеймін :)

+0
16 мамыр 2013, 03:48

Жоғааа, уаще жартысы өтірік! :) Мынаған қарасам мен еркекпін ғой онда :D

+0
16 мамыр 2013, 10:55

Қыздар жайлы ештеңе білмейді екен :oops: :o мүлдем шындыққа жанаспайды . мүмкін бул басқа типтегі қыздар туралы жазган шыгар (түсінікті шыгар :oops: )

+0
16 мамыр 2013, 11:07

Басқасын білмеймін енді, бірақ әйел атаулының бір мезетте бірнеше істі ойлап тұратыны рас қой енді. Сол туралы анекдот та бар ғой: "Бір әйел адам машинасын соғып алып, капотын ашып қарап тұрып, - бүгін кешкі асқа не пісірсем екен? - деп ойланып тұр дейді"

+0
16 мамыр 2013, 15:04

Negizinen aiel qamuymynyn bir boligi kop isterdi bir uaqyt ishinde isteuge ikemderi bar bolady. Al okinishke orai keibiri mumkindikteri bola tura, uaqytty durys qoldana bilmegendikten zhai-zhaimen fana zhurip qoya beredi. Dal osy sekildi erkek qamuymyda osyndai eki bafytta bolady. Sondyqtan zhofaryda kop qatelik bar ekenin rastap qana qoimai,maqala zhazfanda saralap zhazsanyzdar dep suranys bildiremin. Rakhmet!

+0
16 мамыр 2013, 15:12

"Егер қыз сенің жақсы көретін футболшыңды немесе туған күн, туған-туыстарынды білгісі келіп жатса, онда ол сіздің әлеуметтік желіңізді бұзғысы келеді." дейді. :lol: Қыздар, сондайсыңдар ма не?

+1
16 мамыр 2013, 16:05

Қыздар, оданда қай пункт дурыс, қай пункт өтірік екенін жазсандашы :)

+0
16 мамыр 2013, 16:22

мяя мынаның бәрн кайдан тапкансн ее)))жаксы екен

+0
17 мамыр 2013, 23:15

Қыздар достарыңыздың алдында әдейі қылымсиды және сонысымен сіздерді қызғанышқа бөлейді. -- КЕЛИСПЕЙМИН :?

+0
19 мамыр 2013, 13:51

Қыздар туралы бәәәәрін біледі ғой өзі :lol: :lol: :lol: "Сүйіп қалған қызыңызды сағат 8-ге кездесуге шақырсаңыз, біліп қойыңыз, ол сағат 4-тен бастап шығуға дайындалады. Иә, сосын бір ескерте кетерлігі, міндетті түрде кешігіп келеді." мынаны оқып құладым))))))))))

+0
19 мамыр 2013, 13:54

бәрі шындық, мен келісемін :lol: күшт жазыпты

+0
20 мамыр 2013, 12:27

Денеме жабысып тұратын киім алмаймын, тем более көлемі кішісін! Арықтағым келсе, былай да арықтаймын. Ол үшін міндетті түрде өз мөлшеріңнен кішкентай киім алып, арықтауға өзіңді мәжбүрлеудің қажеті жоқ! Сосын, махаббатты жұлдыз-жорамалмен бағалайды дегеніңіз не? :shock: Кімнен естідіңіз ондай өтірікті? Сүйіктімнің дос қыздарына күдікпен қарайтыным рас, басқалары құр бос сөз мен үшін! Ренжімеңіз! :?

+0
20 мамыр 2013, 12:38

"Сүйіп қалған қызыңызды сағат 8-ге кездесуге шақырсаңыз, біліп қойыңыз, ол сағат 4-тен бастап шығуға дайындалады. Иә, сосын бір ескерте кетерлігі, міндетті түрде кешігіп келеді" :lol:

+0
20 мамыр 2013, 13:09

"Қыздар - жігіт көзімен" айдарын ашу керек-ау мынадан кейін :mrgreen:

+0
22 мамыр 2013, 13:06

50/50, әр қыз әр түрлі ғой, бәрі бірдей Сіз жазғандай деу қиын. Мен өз басым 4 сағат бұрын кездесуге дайындалмаймын және кешіккенді де ұнатпа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...