Махаббат – ең бағалы алтын

Махаббат – ең бағалы алтын

Бұл оқиға орта ғасырдағы Германияда 1141 жылы болған-ды. Бавария князі Уорф Уинсборг қамалында Суасв князі Фредерк пен оның ағайыны Конод патша армиясының қоршауында қалады. Сан айға жалғасқан шайқастан әбден діңкелеген Уорф тізе бүгуге мәжбүр болады. Сонымен, екі жақтың арасына елші жүріп, тізе бүгудің белгілемелері мен келісімдері жасала бастайды. Шарттар мақұлданып, барлық орналастыру жасалады. Уорф және оның әскербасылары өздерін ата жауларына тапсыруға бекиді.

Десе де, Уинсборг қамалындағы әйелдер тізе бүгуге қосылмайды. Олар Конод патшадан Уинсборгтегі әйелдердің амандығына кепілдік етуді, сондай-ақ, әйелдердің қаладан шығарда өздері қалаған бағалы дүниелерді шамаларының келгенінше алып кетуіне рұқсат етуді өтінеді. Олардың талаптары табанда атқарылатындықтан, қамалдың қақпасы ашылады. Қала сыртындағы адамдар қамалдан шыққан әйелдерді көріп, қайран қалады. Әйелдер алтын, жақұт та емес, қайта, қабырғалары қайысып, тізелері майысып, күйеулерін көтеріп шығады. Олардың арман-тілегі – сүйген жарларын жеңімпаз дұшпанның қолына түсірмеу еді.

Бұл оқиғадан қатты тебіренген табыр да, мейірімді Конод патша көзіне жас алады. Ол әйелдерге күйеулерінің бас амандығы мен еркіндігіне кепілдік ету жөнінде табанда уәде береді. Іле-шала, қарсы жағының барлық адамын қонаққа шақырады. Әрі Бавария сұлтанымен бейбітшілік келісіміне келеді. Шарттағы тармақтар Бавария князінің ойлаған шарттарынан әлдеқайда жеңіл болады. Содан бастап, Уинсборг қамалы Уейбод тауы деп аталған екен. Уейбод немісше «Әйелге тән қайсарлық» деген мәнді білдіреді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: bnr.bg

M. Auelkhan