Internet Avenue-2013: Интернеттің жаңа мүмкіндіктері

Internet Avenue-2013: Интернеттің жаңа мүмкіндіктері

Жақында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында интернет саласына байланысты Internet Avenue-2013 көрмесі өтті. Бұл саладағы осыншама үлкен шара біздің елде алғаш рет болуда. Халықаралық көрмеге отандық интернет ресурстармен қатар, шетелдік компаниялар да қатысты.

Қатысушылар мен қонақтардың барлығы алдын ала тіркеліп, көрмеге тек дайын тізіммен кірді. Ішкі орындардың техникалық жабдықтануы сынды ұйымдастырушылық жұмыстар жақсы атқарылғанын атап өту керек. 

 

Үлкен орындардың біріне ресейлік OZON.RU компаниясы жайғасты. Жаңалық: OZON.RU Қазақстанға таралуда. Бірнеше күн бұрын ғана олардың қазақстандық сайты ашылып, жұмыстары басталды. Кітап, спорт пен сымбат деген бөлімдері бойынша сатылым жүргізілетін болады. 

Көпшілікті “Тау кошелек W1” және "Wooppay" төлем жүйелерінің қызметтері қызықтырды. Олар бойынша интернеттегі төлемді ұялы телефонның есебінен, банк карточкасымен, электронды ақшамен төлеуге болады.

Интернет беруде қызмет көрсететін, атышулы 4G қызметін ұсынған "Алтел" байланысы өзінің заманауи модемдері мен мобильді роутерларының көмегімен интернетке кіруге мүмкіндік берді. 

Көрмеге қазақ интернетінде танымал Ербол Серікбай мен Жалғас Ертай келіп, өз ойларымен бөлісіп, интернет әлеміндегі жаңалықтармен танысты. 

Массагет.кз сайты да атаулы шарадан қалыс қалмады.

Жалпы бұл көрме интернет саласына қызығатын, сонда жұмыс жасап, өз істерін ашқан адамдар үшін көп нәрсені үйрететін алаң болды.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

Соңғы сурет: Айжан Құлмұханбетова

С. А