Дүкеншінің құпиясы

Дүкеншінің құпиясы

Кофеханаға кірген жерде екі бірдей акцияны көзіңіз шалды: біріншісі қосымша 33 пайыз кофені сыйға тартса, екіншісінде - орта көлемдегі кофеге 33 пайыз жеңілдік. Қай акция тиімді?

Сіз екеуін де бірдей тиімді дерсіз. Және дәл осылай көпшілігі ойлайды. Ондай болса, тереңірек үңіліп көрелік. Мәселен, кофенің 200 милилитрі 2 доллар тұрады делік (1 долларға 100 мл). Бірінші акцияның шарты бойынша 2 долларға 266 миллилитр аласыз, демек 100 миллилитрге 0,75 доллар төлейсіз деген сөз. Екінші акцияның шарты бойынша, сіз 200 миллилитрді 1,34 долларға аласыз, демек 100 мл 0,67 доллар тұрады деген сөз. Екінші акция тиімді болып шығады!

Бірақ! Сатып алушыға жеңілдік алғаннан гөрі сол ақшаға қосымша бір нәрсе сатып алған ұнамдырақ.

Біздің түсінік бірінші көрген бағаға байланысты

Сіз дүкен ішіне кірдіңіз және 1000 доллар тұратын дизайнерлік сөмкені көрдіңіз делік. "Бір болмай қалған қапшыққа бола бір бурма ақша төлеп...". Сіз шектен шыққанша таңырқарсыз. Одан әрі өтіп бара жатып, 300 долларлық әдемі сағаттарды көрерсіз. Бұл қымбат! Сағаттар арзан тұруы да мүмкін! Бірақ сізге бұл жап-жақсы-ақ баға болып көрінеді. Себебі, сіз алғашқы көрген бағамен салыстырасыз.

Әңгімесі жақсы

Дүкенде 279 доллар тұратын нанның қасына 429 доллар тұратын нанды (сол нанды) қатар қойып қойыңыз. Сырт пішіндері де еш ерекшелене қоймасын. Арзан нанның сатылымы жоғарылап кетпек, ал қымбат нанды сатып алушының табыла қоюы екіталай. Мұндай болатын себебі, заттардың нақтылы бағасын сезіне алмаудан. Сондықтан болар, арзанға сатып алып жатқандай әсерде боламыз: "Айтсам сенбейсің ғой, бар-жоғы 279 долларға нан сатып алдым! Ал сол жерде 429 долларға тура сондайы тұрды. Және оны қай ақымақ сатып алуы мүмкін!" Жақсы әңгіме.

Не айтады, соны жасаймыз

Мектепте сынақ жүргізіліпті. Жеміс-жидектер мен салаттар конфеттер мен тәтті тоқаштармен бір қатарда жарығы бар сөреге қойылыпты. Және осы бір шешім балалардың салат пен жеміс-жидекті көбірек жеуіне алып келген. Аталған әдіс үлкен жастағыларға да әсер етпей қоймаған.

Ішімдік, не болмаса шаршағаннан немесе түрлі-түрлі себептерден тосын әрекеттер жасаймыз

Адам стресс жағдайында дүкен аралауға бара қалса, онда ойында тұрған барлық сұрақтардан арылуды қажет деп табады. Сондай сәттердің бірі - сатушымен дос болып қалатын кездер.

9 санының сиқыры

Бұл сиқырды бәріміз білеміз: бар-жоғы 1,99 долларға. Бұл дегенің 2 доллар емес пе?! Еш айырмасы жоқ. Біз мұны түсіне тұра, ара-тұра қажетсіз заттарды қажет болмаса да, сатып алып жатамыз. Ішкі сенім мықты болсын! Дүкеншінің ішкі есебі ышқыр жорамалында.

сурет:server-6.192-168-0-255.com; vk.com; www.pochitat.com; hacklive.ru; 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига