Xiaomi смартфондарына түсірілген ең үздік суреттер анықталды

Xiaomi смартфондарына түсірілген ең үздік суреттер анықталды
Фото: mi.com

Xiaomi компаниясы 25 қазанда мобильді фотография байқауын жариялаған еді. Басты шарт – суреттер Xiaomi смартфонына түсірілуі тиіс. Байқаудың жүлде қоры – $50 000.

Әр қатысушы 6 сурет жүктей алады. Жеңімпаздар мына 4 категория бойынша анықталды: шынайы көрініс, әлемнің бір бөлігі, арман алдында, мұң. Конкурс 23 қарашада аяқталып, үздік суреттер 6 желтоқсанда жарияланды.

Кәсіби қазылар үздік 100 суретті іріктеп, көпшілікке ұсынды. Суреттер дауыс беру арқылы анықталды. Әр категорияда үш жеңімпаз бар: бірінші орынға $10 000, екінші орынға $2 000, үшінші орынға $500 берілді. Байқауға 172 аймақтан 306 208 адам қатысып, оның ішінде 246 733 сурет басты талапты (кемі 3 дауыс жинау керек) орындаған. Барлық сурет 3 496 502 дауыс жинаған.

Назарыңызға жеңімпаздардың суреттерін ұсынамыз.


 І орын
Шынайы көрініс
Смартфон: Redmi Note 6 Pro
zoel cholid / Индонезия

"Жайдары бол"


 І орын
Әлемнің бір бөлігі
Смартфон: Redmi Note 5
4153866861 / Ресей

"Мұзтау және Ақкем көлі"


 І орын
Арман алдында
Смартфон: Mi MIX 2S
1676464176 / Ресей

"Зауыт үстіндегі найзағай"


І орын
Мұң
Смартфон: Mi А2
1860735349 / Испания

"Шалшық айна" 


ІІ орын
Шынайы көрініс
Смартфон: Мі А1
Antonius Andre Tjiu / Индонезия 

"Жауын алдында"


  ІІ орын
Әлемнің бір бөлігі
Смартфон: Mi 8
1710688902 / Ресей

"Соқпа толқын"


 ІI орын
Арман алдында
Смартфон: Mi А2
John Hantoro Pudjoko / Индонезия

"Шаңйаң Жаран"


ІІ орын
Мұң
Смартфон: Mi А2
Elyana Dasuki / Indonesia

"Менімен ойнашы"


ІІІ орын
Шынайы көрініс
Смартфон: Мі А2
Gittipong Krutpong / Таиланд

"Шар ұстаған қария"


ІІІ орын
Әлемнің бір бөлігі
Смартфон: Redmi Note 5
MOHD ASHRAWI / Малайзия

"От"


 ІІI орын
Арман алдында
Смартфон: Mi А2
Ujjal Debnath / Үндістан

"Пандим тауындағы Күннің соңғы сәулесі"


 ІІІ орын
Мұң
Смартфон: Mi А1
1878494348 / Непал

"Көлеңке" 


 

Massaget.kz