Монтажердың жұмағы: ең үлкен монитордың көлемі қандай?

Монтажердың жұмағы: ең үлкен монитордың көлемі қандай?
Фото: modlabs.net

Dell компаниясы Dual Quad HD анықтықтағы ең үлкен монитор жасап шықты. Dell U4919DW атты монитордың диагоналі – 49 дюйм (124,46 сантиметр). Ені мен ұзындығының қатынасы – 32:9 (81,28:22,86 см), ал анықтық өлшемі – 5120х1440 нүкте. Мұндай диагональді мониторлар тіпті теледидарларды Samsung компаниясы шығарып жүр, алайда техникалық қабілеттері бойынша Dell өнімі бір қадам алда екен.

Dell мониторын 27 дюймдік екі Quad HD монитордың орнына қолдануға болады.

HDMI 2.0, DisplayPort 1.4 және USB-C порттары арқылы мониторға екі компьютердің интерфейсін қатар қойып қоюға болады.

"Мұндай мониторлар бұған дейін шыққан, тіпті 49 дюйм бір жеке стандартқа айналып бара жатыр десе де болады. U4919DW моделі өз қатарластары арасында әмбебаптығымен, техникалық мүмкіндіктерімен ерекше. Мұны айтудан жалықпаймыз, U4919DW – әлемдегі ең үлкен монитор", – дейді компания басшысы Майкл Дэлл.

Монитор 26 қазаннан бастап 1699 доллар (620 мың теңге) бағада сатыла бастайды.

Massaget.kz