Instagram-да жаңа функция пайда болды

Instagram-да жаңа функция пайда болды
Фото: stapico.ru

Instagram қосымшасында жаңа функция пайда болды. Бұл туралы әлеуметтік желінің ресми сайтында айтылды. Енді Instagram қолданушылары соңғы екі күн ішінде барлық жазбаны көріп шыққан жағдайда, оған You All All Caught Up ("На этом пока все") деген хабарлама шығады. "Қаралған жазбаларды бақылап отыру қиынға соғатынын естідік. Енді осы функцияның көмегімен сіздер соңғы фото немесе видеоларды өткізіп алмайсыз", - делінген сайттағы хабарламада.


Айта кетейік, бұл функция Android және iOS қолданушыларына 2 шілдеден бастап қызмет етеді. Мұның алдында Instagram-да видеочат пен жаңа эффектілердің пайда болғаны жайлы хабарланған болатын. "Қазір Instagram-да Direct-те бір немесе бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады. Видеочат көмегімен достарыңызға телефон нөмірінсіз iOS және Android арқылы қосыла аласыз", - делінген еді хабарламада.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Massaget.kz