WhatsApp мессенджеріндегі жаңа өзгерістер

WhatsApp мессенджеріндегі жаңа өзгерістер
Фото: The Roco

Әлем жұртшылығының көбі пайдаланатын WhatsApp мессенджерінде өзгерістер болды. Жаңа өзгерістер мессенджердің ресми блогында жарияланды.

Мессенджерде ашылған топқа кіру үшін қолданушылар ол туралы қысқа кіріспені оқып, оның мақсаты, ережелері мен тақырыбымен таныса алады. Бұл ақпарат экранның жоғарғы жағында көрсетіледі. Сондай-ақ админдер топтың сипаттамасы мен суретін ауыстыра алатын адамдарды сайлай алады.

Топтан шығып кеткен қолданушыларды өзгелер қайта тіркей алмайды. Ол өз еркімен ғана қайта қосылуына болады. Егер қолданушы ұзақ уақыт чатқа кірмесе, оң жақ төменгі бұрышта тұрған @ пернесін басып, хабарламаларды жылдам қарай алады. Одан өзге топтағы адамды жылдам іздеу үшін топ туралы ақпарат парақшасына оның атын жазса жеткілікті.

WhatsApp мессенджеріндегі жаңа өзгерістер Android және iPhone үшін бүгіннен бастап қолжетімді екені жазылған. Қазіргі таңда әлемде бұл мессенджерді 1,5 миллиард пайдаланады екен.

О. Сансызбай