Технологияның дамуы адамзатқа қауіп төндірмейді

Технологияның дамуы адамзатқа қауіп төндірмейді
Фото: vk.com

Оксфорд пен Йель университеттері ғалымдары New Scientist порталына ғылыми баяндама жасады. Онда 120 жылдың ішінде адам жасайтын іс-әрекеттің барлығы автоматтандырылады делінген. Жасанды интеллектті зерттеумен айналысатын 350 ғалым осындай қорытындыға келіп отыр.

Олардың айтуы бойынша, 2024 жылға қарай технологиялар мәтіндерді әлдеқайда сауатты аударатын болады, 2026 жылға қарай эссе жазатындай жағдайға жетеді екен, ал 2049 жылдары, тіпті, бестселлерлер жазса, 2053 жылы күрделі хирургиялық ота жасай алатын болады.

Сондай-ақ, ғалымдар технология дамуының адамзатқа төндіретін қаупі тек 5%-ды құрайтынын айтады. Дегенмен жасанды интеллектің эмоциялық жетілуі қалай жүрерін кім білген?! 

А. Оралқызы