Twitter инженерлерін жұмыстан шығарайын деп жатыр

Twitter инженерлерін жұмыстан шығарайын деп жатыр
Фото: likeni.ru

Twitter компаниясы қызметкерлерінің көп бөлігін жұмыстан шығарып жатыр. Бұл туралы Recode порталы жазды.

Порталдың жазуынша, компанияның қызметкерлерінің көбі келесі аптада жұмыстан шығарылады. Жұмыстан босатылатын қызметкерлердің дені инженерлер. Айта кетелік, компанияның қызметкерлерінің жартысына жуығы инженерлерден тұрады.

Twitter-дің өзі бұған қатысты ешқандай түсінік берген жоқ. "Біз сыбыстар мен өсек-аяңдарға қатысты пікір айтпаймыз", - деді компания өкілі. 

Айта кетелік, 5 қазан күні Twitter-ге жаңа басшы тағайындалды. Ол – компанияның негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси. Бұрынғы директор қызметінен биылғы маусым айында босатылған еді. 

Twitter компаниясы 2006 жылы құрылған. Штаб-пәтері Сан-Францискода орналасқан. Онда 4100 адам жұмыс істейді.

М. Бисембаева