Қытайлық компания балаларға арналған сағат жасап шықты

Қытайлық компания балаларға арналған сағат жасап шықты
Фото: aolcdn.com

Қытайлық Tencent компаниясы балаларға арналған ақылды сағат жасап шықты. Бұл туралы Engadget агенттігі жазды.

QQ Watch деп аталатын сағаттың диагоналі 2,85 сантиметр. Су өткізбейді. Сағатты тағып тұрып ыдыс жууға әбден болады. 

Сағаттың басты міндеті – баланың қайда жүргенін көрсету. Ата-ана осылайша баласын қадағалап отыра алады. Гаджетте орналасқан арнайы батырма, төтенше жағдайда ата-анаға хабар беруге арналған.

Өндірушілердің айтуынша, құрылғының қуаты таусылып қалғаннан кейін ол тағы 5 күн үздіксіз жұмыс істеп тұра алады. Өнімнің бағасы белгісіз, нарыққа биыл шығады деп жоспарланған. 

М. Бисембаева