Facebook тікелей видеокөрсетілім жасайтын қызмет ұсынды

Facebook тікелей видеокөрсетілім жасайтын қызмет ұсынды
Фото: www.cultofmac.com

Facebook барлық қолданушыға бірдей қолжетімді емес Live видеокөрсетілім қызметін жасады. Жаңа қызмет түрін Facebook әлеуметтік желісін қолданатын танымал адамдар ғана пайдалана алады.

Live – танымал тұлғалар үшін құрылған Facebook Mentions қосымшасының бір функциясы. Дегенмен жұлдыздар жасаған тікелей видеокөрсетілімді желінің кез келген қолданушысы тамашалай алады. Ал видеотаралым тіркелушілерге күнделікті жаңалықтар айналымында көрініп тұрады.

Жақында пайдалануға берілген қызмет түрін алғашқы болып танымал актер Дуэйн «The Rock» Джонсон, теннисші Серена Уильямс және футболшы Рикардо Кака қолданған.

Цукерберг командасы видеокөрсетілім қызметінің қарапайым қолданушыларға қолжетімді болу ықтималдығын әзірге анық айтпады. Өзге компаниялар мұндай қызмет түрін барлығына бірдей қолданысқа беріп жатқанда, Facebook мұнымен нені көздеді екен?

Ж. Өрісбай