Ховерборд 5 тамызда сатылымға шығады

Ховерборд 5 тамызда сатылымға шығады
Фото: www.coolhunting.com

Lexus компаниясы «ұшатын скейтбордын» (ховерборд) 5 тамыздан бастап сатуға шығарады. Бұл туралы компания өкілдері жаңа видео дайындап, Youtube видеохостингіндегі ресми арнасында жариялады.

Жаңа құрылғы «Болашаққа қайтып 2» фильміндегі ховербордты еске түсіреді. Айта кестек, бұл өнімді Hendo компаниясы да құрастырып жатқан болатын. Компания өкілдерінің ақпаратына орай, Lexus нұсқасы фильмдегі өнімнің құрылымына жақын екен.

Осыған дейін Lexus жаңа өнімі туралы қысқа тизерлерін жариялап отырған еді. Видеодан сырғанауға арналған тақта расында көкте қалқып тұрғанын көреміз.

Құрылғы әзірге қарапайым жол тармақтарында ұша алмайды. Ол арнайы магнитті қабаттың үстіне бейімделген. Lexus компаниясы Испанияның Барселона қаласында ховерборд алаңын салды. Сол себепті де, алғашқы өнімдері осы қалада сатылымға шығатын болады. 

Ж. Өрісбай