Қытай үкіметі жұмыссыздықты жояды

Қытай үкіметі жұмыссыздықты жояды
Фото: designrfix.com

Қытай үкіметі осыдан 15 жыл бұрын ел территориясында ойын консолдарын сатуға тыйым салған болатын. Қытай Халық Республикасы Мәдениеті министрлігінің ресми түрде берген ақпаратына сүйенсек, аталған заң өз күшін жойды. Енді ойын консолдарын шығарумен айналысатын Sony, Nintendo және Microsoft сынды алып компаниялар өз өнімдерін Қытай нарығына шығара алады.

Қытай үкіметі видео ойындардың жасөспірімдердің санасына кері әсерін тигізетінін ескеріп, тыйым салған болатын. Өткен жылы тек «ашық сауда аймағында» (Гонгконг және Тайуань нарығы мен Шанхайдағы арнайы бөлінген 30 шаршы шақырым сауда алаңында) сатуға рұқсат берді.

Қытай билігі ойын консолдарын сатуға тыйым салу туралы заңның өз күшін жойғандығын мәлімдеді. Дегенмен ойын консолдарын шығаратын компаниялар Қытай нарығына еркін кіру үшін осы аймақта өз зауыттарын салуы тиіс болады. Содан кейін ғана өндіруші компаниялар еш кедергісіз сауда айналымына енеді. Қытай үкіметі осындай әдісті қолдана отырып елдегі жұмыссыздықты азайтуды көздеп отыр. Егер Nintendo, Sony және Microsoft сынды алпауыттар Қытайда өндіріс зауыттарын ашатын болса, жергілікті халықты кем дегенде 4-5 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етер еді.

Ж. Өрісбай