Tor браузерінің аналогы жасалды

Tor браузерінің аналогы жасалды
Фото: polytika.ru

Tor браузерінің жылдам жұмыс істейтін аналогы жасалды. Швейцариялық және британдық мамандар Tor желісінің қателіктерін тауып, оның аналогын құрастырды. Айта кетелік, Tor браузері интернетті жасырын түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Расында, ақпаратты ешкімге білдірмей алмасуға арналған браузерлердің жылдамдығы қарапайым браузерлермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Себебі, ол қолданушының ақпараттарын жасыру үшін оны бірнеше рет құпия кодтармен алмастырады. Еуропалық бағдарламашылардың айтуынша, Hornet атауына ие болған жаңа браузер секундына 93 гигабит жылдамдықпен жұмыс істейді.

Hornet браузері The Onion Router (Tor) платформасына өте ұқсас. Tor кез келген ақпаратты құпия кодтармен алмастырып отырады. Дегенмен, оның бір кемшілігі бар. Оның жұмысы айналымда ақпарат көп болған сайын баяулай түседі. 

Айта кетелік, әзірге Hornet браузері толыққанды сынақтан өткізілмеді. Сынақтан кейін ғана ол браузер ретінде жалпы қолданысқа ене алады.

Ж. Өрісбай