Samsung смартфондары батареясының қуаты екі есе артпақ

Samsung смартфондары батареясының қуаты екі есе артпақ
Фото: www.lovemysurface.net

Алдын ала болжанғандай, Samsung комапаниясы қуат жинақтағыштар технологиясында жаңа төңкеріс жасауды мақсат етіп отыр. Оңтүстіккореялық компания батарея графеніне кремний анодтарын қондырып, оның қуатын екі есе көп мүмкіндікке жеткізбек. Бұл туралы IBTimes хабарлады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Samsung компаниясының инженерлері тәжірибе барысында батарея тығыздығын үлкейткен. Ол қазіргі литий-ионды аналогтарға қарағанда 1,8 есе тығыз болып, нәтижесінде оның қуат мөлшері де ұлғайған.

Мобильді құрылғыларды көп қолданатын тұтынушылар инновациялық жаңалыққа жиі құлақ түрері анық. Егер Samsung жобасы жетілдіріліп, нарыққа шығатын болса, смартфондарды күнделікті қуаттау қажеттілігі жоғалады. Сонымен қатар, қосымша қуат көздерін алып жүру міндеттілігі өзімен-өзі жойылатын болады.

Компания инженелері жобаның қазіргі даму үдерісін ескере отырып, оның толық қолданысқа берілуіне тағы бірнеше жыл қажет боларын айтуда. Бұл технология смартфондардан бөлек, электромобильдер нарығында да үлкен маңыздылыққа ие болу мүмкіндігі қаралуда.

Ж. Өрісбай