Youtube видеохостингіне 10 жыл толды

Youtube видеохостингіне 10 жыл толды
Фото: www.webecedario.it

Әйгілі Youtube видеохостингі он жылдығына орай, бүгінге дейінгі танымал болған видеолар жинағын бір роликке біріктірді.

Қаншама адамның қажетіне айналған бұл хостинг 2005 жылдың 14 ақпанында тіркелген болатын. Оның алғашқы видеоролигі сәуір айында жүктеліп, 21 мамырдан кейін ғана бүкіл әлемге таныла бастайды. Онжылдық мерейтойға арналған “The A-Z of YouTube: Celebrating 10 Years“ атты ресми видео бүгін жарық көрді.

Ғасыр басында америкалық миллиардер Элон Маск құрған PayPal компаниясының бұрыңғы инженерлері Flash Video (FLV) технологиясын пайдалана отырып, видеохостингтік сайт жасайды. Youtube көп өтпей қолданушыларының саны бойынша MySpace әлеуметтік желісін басып озады (Ол кезде Facebook енді ғана көтеріліп келе жатқан).

2006 жылы аталған компанияны Google 1,65 миллиард АҚШ долларына сатып алады. Ол кезде интернет алыбы Google-дің Google Видео деп аталатын қызметі бар болатын. Олар бұл қызметті Youtube желісімен бірге дамытуды көздеген еді.

Youtube тарихында алғашқы видео - Джавед Карим есімді тіркелушінің 18-секундтық Сан-Диего жануарлар бағы туралы видеосы. Ол 2005 жылдың 23 сәуірінде жарияланған.

Ж. Өрісбай