iTys мессенджерінің iOS-қа арналған нұсқасы шықты

iTys мессенджерінің iOS-қа арналған нұсқасы шықты

iTys атты қазақстандық тұңғыш хат-хабар алмасу қосымшасының iOS платформасына арналған нұсқасы шығарылды, – деп жазады 24.kz.

Мемлекеттік тілдегі қосымшаны App Store интернет-дүкені арқылы енді iPhone, iPad қолданушылары да тегін жүктей алады. Өткен жылдың соңында таныстырылған қосымша өз елімізбен қатар АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея және Түркия елдерінде белсенді қолданыла бастапты. Бірнеше айдың ішінде iTys-ты ұялы телефонға жүктегендер саны 200 мыңға жуықтаған.

Ұлттық нақышта безендірілген отандық мамандардың жобасы қауіпсіз режимде хабарламалар мен алуан түрлі типтік файлдар алмасуға мүмкіндік береді.

сурет: itys.kz

Е. Қайрахан