Ғарыштан оралған робот Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ғарыштан оралған робот Гиннестің рекордтар кітабына енді

Халықаралық ғарыш стансасынан оралған робот Гиннестің рекордтар кітабына енді, – деп жазады khabar.kz. Ол бір емес, екі түрлі жетістік бойынша дипломмен марапатталды.

Киробо атты құлтемір алғашқы дипломды «Ғарышта болған тіл білетін тұңғыш робот» аталымы бойынша алды. Ал екінші дипломға «Жер шарынан ең жоғары биіктікке көтерілген робот» деген аталымы бойынша ие болды. 

Қаршадай ғана құлтемір адамның сөзін ұғынумен қоса, оның бет-жүзі арқылы кім екенін танып-біліп, емін-еркін әңгімелесе алады. Көлемді ақпараттарды есте сақтау қабілеті бар. Сол себепті де Киробо – жалғыз басты жандар немесе ғарышкерлер сияқты саяхатшылар үшін де теңдесі жоқ жолсерік.  

сурет: ibtimes.co.uk

Е. Қайрахан