MWC 2015. Blackberry физикалық батырмасы жоқ алғашқы смартфонын таныстырды

MWC 2015. Blackberry физикалық батырмасы жоқ алғашқы смартфонын таныстырды

Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан Mobile World Congress көрмесінде канадалық Blackberry компаниясы алғаш рет ешбір физикалық батырмасы жоқ смартфонын таныстырды. Blackberry Leap атауына ие гаджет канадалық компанияның алғашқы толық көлемді смартфоны болып отыр. Расында компания инсайдерлері осыған дейін бұл туралы ешбір мәлімет бермеген болатын. Одан бөлек, Blackberry мобильді құрылғылардың платформаларына бәсекелестік тудыру мақсатында жаңа қосымшаларын енгізіпті.

Blackberry Leap смартфоны фирмалық оперативті жүйенің 10.3.1 нұсқасымен жұмыс жасайды. Ендеше жаңа аппараттың техникалық мінездемесіне тоқталып өтсек:

• 720p сапа мүмкіндігіне ие 5-дюймді экран
• 1,5 ГГц жиілікке ие 2-ядролы Snapdragon 400 процессоры
• 8-мегапиксельді камера
• Жедел жады – 2 Гбайт
• Қосалқы жады – 16 Гбайт (microSD-карта)
• Сыртқы вирустан сақтайтын қауіпсіздік жүйесі

Жоғарыдағы мінездемеге көз жүгіртсек, Leap смартфонының бағасы жоғары болмайтын көрінеді. Blackberry өкілдерінің айтуынша, компанияның жаңа құрылғысы жас кәсіпкер мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Blackberry-дің орта сатылы смартфоны нарықта Microsoft, LG, Motorola және Sony сынды компаниялардың өнімдерімен бәсекелесетін болады. Олардың бірнешеуі осы халықаралық көрмеде өз смартфондарын таныстырып үлгерді.

«Расында Blackberry компаниясының қазіргі қаржылық жағдайын ескерер болсақ, әлемдік нарықтағы бұрынғы үлесін қайтаруы күрделі болмақ.  Себебі Mobile World Congress аясының өзінде де орта бағамдағы смартфондардың бірқатары таныстырылды», - дейді eMarketer сарапшы маманы Билл Фишер.

Сондай-ақ, компания өзінің iOS, Android және Windows Phone платформалары негізінде жұмыс істейтін смартфондарына арналған бірнеше қызмет түрін таныстырып өтті. Айта кетсек, фирмалық күнтізбеге кіру, қауіпсіз электронды пошта, ақпаратты жылдам іздеу, құпия сөздер басқармасы, виртуалды пернетақта және басқа да қызметтері бар.

Blackberry тұтынушылардың өз смартфондарымен бұрынғыдай жұмыс сапасын арттыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өтініш білдірулеріне болатынын хабарлайды. Сарапшылар бұл әдістің компанияға тиімді екенін айтады.

Сурет: cellphonedge.com

Оқи отырыңыз: 

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

MWC 2015. HTC One M9 смартфонын екі аптадан кейін сатып алуға болады

MWC 2015. Huawei өзінің кезекті смарт-сағатын жарыққа шығарды

Ж. Өрісбай