MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан MWC 2015 халықаралық мобильді конгресінде жапондық Sony компаниясы жаңа өнімін таныстырды. Ол орта бағамдағы Xperia M4 Aqua смартфоны болып отыр.

Расында Sony компаниясының өнімдерін тұтынушылар Xperia Z4 смартфонын жалпы көрмеге қояды деп ойлаған болатын. Бірақ көрмеге арнайы дайындықпен келген жапондар пластикті корпусқа ие M4 Aqua гаджетінің анонсын жасады. Жаңа смартфон Android 5.0 Lollipop оперативті жадысында жұмыс істейді. Ал оның негізі 1,5 ГГц жиілікке ие 8-ядролы Qualcomm Snapdragon 615 процессоры болып табылады.

Смартфонның жедел жадысы - 2 Гбайт, ал қосалқы жадысы - 16 Гбайт. Одан бөлек, гаджеттің қуат жинақтағышы сағатына 2400 миллиАмпер көлемге ие.

Қазіргі смартфондардың негізгі артықшылығы олардың камерасының сапасында екені белгілі. Ендеше жапондық өнімнің екі камерасы 13 және 5 мегапиксельдермен қамданған. Ал өнімнің атауына Aqua (лат. "су") сөзінің қосылуы, гаджеттің су мен шаңнан толықтай қорғалғанын білдіреді.

Жаңа өнімнің әлемдік нарықтағы құны 299 еуро болмақ. Компания өкілдерінің айтуынша, Sony Xperia M4 Aqua смартфоны ағымдағы жылдың сәуір айында жаппай сатылымға шығады. 

Сурет: www.svetandroida.cz

Оқи отырыңыз: 

Galaxy S6 смартфонының қандай дизайнға ие болғанын қалайсыз?

HTC One M9 смартфоны сатылымға қашан шығады?

LG төрт жаңа смартфонын таныстырды

Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда

Ж. Өрісбай