LG компаниясы жұқа OLED-дисплей шығарады

LG компаниясы жұқа OLED-дисплей шығарады

Оңтүстіккорейлік LG және Samsung компаниялары дөңес экранды гаджеттерді сатуға шығарып үлгергенімен, бұл технологияны жаппай өндіріске енгізе қойған жоқ. Бүгін LG компаниясы ағымдағы жылдың жазына қарай OLED-экранды теледидарлар шығаратынын хабарлады. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа шығатын өнім оңай майысу қабілетіне ие.

Қазіргі сатылымда бар дөңес смартфондардың кейпі ерекше болғанымен, ары қарай майыса алу мүмкіндігіне ие емес. Ал алдағы уақытта шығатын дөңес экрандар 75 миллиметрге дейін майыса алады екен.

Ғаламтордағы ақпараттарға сенсек, LG компаниясы OLED-дисплей технологиясын пластик негізінде жасауы мүмкін. Бұл дөңес экрандардың майысуынан бөлек, біршама төзімді болуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде оңтүстіккорейлік компанияның аталған технологияны қолдануда бірнеше проблемалары бар. Мысалы, айнаның орнына пластикті қолдану экран бейнесінің сапасын төмендетеді. Ал сапасыз көрілім, өздеріңізге белгілі, сатылым деңгейінің төмендеуіне себеп болады.

Бүгінде LG дәл осы мәселені шешу үшін жұмыстануда. Себебі жұқа OLED-дисплейлердің жаппай өндірілуі ағымдағы жылдың жаз мезгіліне жоспарланған. Егер аталған технология өз нәтижесін берсе, LG G4 немесе G5 смартфондары да пластик экранға ие болуы әбден мүмкін.

Сурет: www.newstomato.com

Оқи отырыңыз:

Электронды қағаздан монитор шығаруға болады

Samsung дөңес экранды моноблок шығарады

Енді 3D-фильмді көзілдіріксіз көруге болады

LG теледидарлары тағы да жұқарады

Ж. Өрісбай