Жапония жасөспірімдері видео ойындардан арылғысы келеді

Жапония жасөспірімдері видео ойындардан арылғысы келеді

Жапония жасөспірімдері видео ойындарға тәуелді болып қалған. Расында жапондар метромен кетіп бара жатқанда, түскі астың уақытында тіпті жолда жүріп бара жатқан кезде қолындағы гаджеттермен ойын ойнауға үйренген. Видео ойындарға көп уақыт бөле бастау «Видео ойындарсыз бір күн» акциясын өткізуге түрткі болып отыр.

Бұл күн жалпыұлттық деңгейге көтеріле қойған жоқ. Бірақ Жапониядағы негізгі төрт аймақтың бірі Хоккайдода өткізіледі екен. Бұл олардың қолындағы смартфондары мен ойын консолдарынан мойнын бұрып, қоршаған ортаның шынайы бейнесіне қарауға үгіттейді. Сол себепті бұл пайдалы акция жылдам қолдау тауып, алдағы уақытты Жапонияның барлық бөлігінде ұйымдастырылуы әбден мүмкін.

Енді Хоккайдода айына екі күн осындай акция өткізіліп тұрмақ. Оған оқу орындарындағы баға көрсеткіштері төмендеп кеткен оқушылар мен студенттердің видео ойындарға тәуелді болып қалуы себеп болып отыр. Осы сынды акциялар жас білімгерлерді видео ойыннан арылып, оқуға көңіл бөлуге шақырады.

Үкімет басшылары барлық проблеманың түбі видео ойындарға кеп тірелетінін айтады. Дегенмен, оған тек электронды консолдар ғана емес, адамның жалқаулық сипаты да себеп боларын ескерген жөн. Расында адам баласы өзіне қиын оқу процесін жүктемей, қызық ойынға енуді дұрыс көреді.

Қазіргі жасөспірімдер үшін компьютер немесе өзге де электронды девайстардан уақытымен арылып, шынайы өмірде достарымен кездесіп, әңгіме құру маңызды. Сол себепті жапондардың осындай күндерді белгілеуі өте ұтымды бағыт болып отыр.

«Видео ойындарсыз бір күн» акциясының алғашқы күні ақпан айының бірінші жексенбісі болмақ. Ендеше бұл өзгерістің жапон жастарына көмегі бар не жоғын алдағы уақытта білетін боламыз.

Сурет: hi-news.ru

Оқи отырыңыз:

Жапондар қолсыз ойнауға болатын фортепиано жасады

Жапондар оқушыдан да "ақылды" робот жасап шықты

Жапондар су астында жүзетін қала салады

Жапондар ғарышқа көтерілетін лифт жасап жатыр

Ж. Өрісбай