CES 2015. E-Ink – түсін өзгерте алатын электронды түсқағаз

CES 2015. E-Ink – түсін өзгерте алатын электронды түсқағаз

Біз электронды бояулардың біркелкі болуына үйреніп қалғанбыз. Әйткенмен инновациялық технологияның шырқау шегі бұл емес. E-Ink компаниясының түсқағазы белгілі уақыт межесінде түсін өзгерту арқылы үйге әр береді.

E-Ink өнімі электронды бояу технологиясы негізінде жасалған. Өнертапқыштардың айтуынша, жаңа өнім үй қабырғасына сіз қалаған суреттің бейнесін шығарып бере алады. Және ол белгілі бір уақытта өздігінен басқа суретке немесе түске ауысады.

CES 2015 көрмесінің сарапшылары бұл жаңалықтың суретшілер мен дизайнерлерге пайдалы боларын айтады. E-Ink түсқағаздарын әрі жарнама, әрі тұтыну мақсатында қолдануға болады. Өнімнің құрылымында падаланылған электронды қағаздар энергияның аз мөлшерде жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Лас-Вегас қаласында өткен халықаралық көрмеде E-Ink түсқағаздарының тек жұмыс прототипі ғана таныстырылды. Компания мамандарының айтуынша, алдағы уақытта электронды бояу технологиясының көмегімен үйдің ішкі дизайнын жаңа инновациялық жолмен өзгертуге мүмкіндіктер болады.

Сурет: www.3dnews.ru

Оқи отырыңыз:

CES 2015. Әлемдегі ең кішкентай компьютер таныстырылды

CES 2015. Виртуалды көзілдіріктің әмбебап үлгісі

CES 2015. Балаларға арналған ең үлкен планшет таныстырылды

CES 2015. G Flex 2 – LG ұсынған дөңес смартфон

CES 2015. Жасанды санаға ие алғашқы робот таныстырылды

Ж. Өрісбай