VAIO брендін енді Sony басқармайды

VAIO брендін енді Sony басқармайды

Бұрын тек дербес компьютер бренді болған VAIO атымен енді смартфон да шығатын болды.

2014 жыл жапондық компания үшін сәтті болмады. Sony-дің VAIO дербес компьютерлері мен Xperia атауымен шыққан смартфондарынан түскен табыс компания шығындарын жаба алмаған. Ал VAIO брендіне Sony-ден бөлек, жартылай Japan Industrial Partners компаниясы иелік еткен. Дегенмен, басқару тетігі Sony еншісінде болған. Ал осы жылғы нарықтағы дағдарысқа байланысты Sony аталған брендке қатысты 5% акциясын жоғалтып алған.

Japan Industrial Partners VAIO брендін басқа салада байқап көрмек. Ғаламтордағы ақпарат көздеріне сенер болсақ, келесі жылдың қаңтар айында VAIO атауымен смартфон сатылымға шығады. Бұл смартфон CES 2015 көрмесіне қойылады.

VAIO Corporation ресми ақпаратына сәйкес, смартфондардың нарыққа шығуы компанияның бизнес үлесін үлкейтеді. Енді VAIO смартфоны Sony Xperia брендімен нарықта бақталасады. VAIO брендіне бұл өзгерістен еш шығын әкелмейді. Ал Sony нарықтағы үлесін жоғалтуы мүмкін.

Сурет: wonderfulengineering.com

Ж. Өрісбай