Samsung теледидарларына PlayStation ойындары қосылады

Samsung теледидарларына PlayStation ойындары қосылады

Samsung Electronics пен Sony Computer Entertainment компаниялары арасында тағы бір келісімге қол қойылды. Оңтүстіккореялық компанияның теледидарлары жапондық PlayStation Now қызметімен толығады.

Бұл PlayStation ойыншылары үшін жақсы жаңалық. Енді Smart TV-ді қосып, консолсыз ойын ойнауға болады. Ғаламтордағы ақпарат көздеріне сенер болсақ, екі өнімнің біріктірілген нұсқасы келесі жылдың орта шеніне қарай жаппай сатылымға шығады. Әзірге нақты күні белгісіз.

Ойын консолының платформасы Смарт ТВ-дің басты бетіндегі оффлайн қосымшалардың қатарын толықтырады. Егер ғаламторға кіру мүмкіндігі бар болса, PlayStation Now қызметін тікелей Smart Hub каталогынан алып, пайдалануға да болады екен.

Сурет: www.technobuffalo.com

Ж. Өрісбай