Адам миына ота жасайтын робот құрастырылды

Адам миына ота жасайтын робот құрастырылды

Эпилепсиямен ауыратын науқастардың біршама бөлігі қарапайым дәрі-дәрмектің көмегімен емделе алмайды. Осы секілді науқастарды ота жасау арқылы ғана емдеуге болады. Ота жасау процесін қауіпсіз әрі қарапайым ету мақсатында АҚШ-тың Вандербильт Университеті ғалымдары қажет болған отаны жасай алатын робот жасап шығарды.

Робот бес жыл бойы зерттеліп, тәжірибеден өткізілген. Оның әрбір бөлшекті жұмысты мұқият атқаруы өте маңызды.

Эпилептикалық ауытқуларға салынатын мидың аумағы гиппокампта, яғни мидың төменгі жағында орын тепкен. Хирургиялық мақсатта жұмыс істейтін робот беттің төменгі кесілген жағынан өтіп, миға жақындай алады. Құрастырушылардың айтуына қарағанда, бұл гиппокампқа жетудің ең оңтайлы жолы болып отыр. Сондай-ақ, бас сүйекті тесудің де қажеттілігі туындамайды.

Роботтың негізгі құрылғысында кішкене ине орнатылған. Дәрігерлер МРТ-сканердің көмегімен иненің ота жасау барысын бақылап отырады.

Робот өзінінің алғашқы сәтті отасын манекенге жасады. Жақын болашақта қауіпсіз ота адамның миына да жасалатын болады. Егер жоба толық жоспармен жүретін болса, эпилепсиямен ауыратын адамдардың санының азаятындығына ғалымдар сеніммен қарап отыр.

Сурет: www.cnet.com

Ж. Өрісбай