Apple өзінің iPad Air 2, iPad Mini 3, iOS 8.1 және Retina iMac өнімдерін таныстырды

Apple өзінің iPad Air 2, iPad Mini 3, iOS 8.1 және Retina iMac өнімдерін таныстырды

Силикондық компания гаджеттерін тұтынушылардың көптен күткен кезі де келді. Apple компаниясы өзінің жаңа планшеттері мен басқа да өнімдерін көпшілік қауымға таныстырды. Таныстыру кезінде iPad Air 2 және iPad mini 3 планшеттерінен бөлек, жаңартылған iOS платформасы да көптің назарынан шет қалмады.

Ресми таныстыру сәті басталмас бұрын, тілшілер Apple кампусында өздеріне айналысатын істерін тауып үлгеріпті. Нақтырақ айтатын болсақ, компания негізін салушылардың бірі болған Стив Джобстың айтылған қанатты сөздері мен оның айналада ілінген суреттері фотографтардың негізгі нысанына айналған. Ал тілшілердің қасынан өтіп кеткен Apple-дің қазіргі басшысы Тим Кукті ешкім те аңғармапты.

Жаңа техно аппараттарды көптің көзіне көрсету алдында әдеттегідей Тим Кук ортаға шығып, өз сөзін iPhone 6 смартфонының нарықтағы көрсеткішінен бастады. Тимнің айтуы бойынша, осы аптаның соңына дейін аталған смартфондар әлемнің 32 елінде қол жетімді болатын болады. Ал оның Қытайдағы сатылымы планшеттердің көрмесінен кейін ресми түрде басталып кетпек.

Apple Pay — әлемнің 50 банк қызметімен келісімге келген компанияның төлемдік қызметі. Сосын Тим Куктің назары қазіргі техно сарапшыларының сынына ұшырай қоймаған Apple Watch сағаттарына көшті. Apple Watch сағатын тағып алған модельдер белгілі Vogue сән журналында шыққан. Ал оның ресми сатылымға шығу уақыты 2015 жылдың басына жоспарланып отыр.

Сосын Apple компаниясының стартап жобаларының бірі болған Swift бағдарламалық тілі жоғары оқу оырндарында оқу негізі ретінде енгізілгені де атап өтілді. Ал iOS 8.1 оперативті жүйесі енді Apple Pay қызметінде жұмыс істей алады және алдынғыдай техникалық ақаулықтардың ұшырамауы туралы нақты айтылып өтілді. Аталған жүйе 2014 жылдың 20 қазанынан бастап жаппай қолданысқа берілмек.

Жаңа iPad Air 2 планшетінің қалыңдығы 6,1 мм, алдынғы нұсқасына қараған 18 пайызға қысқартылған болып отыр. iPhone 6 смартфондарында қолданылған микрочиптер планшеттердің де құрылымына енгізіліпті. Сөз негізі болып отырған 64-битті процессор өткен жылғы нұсқадан 40 пайызға жылдамырақ жұмыс қызметін береді. Оның құрамында 3 миллиард бағдарламалық транзистор қондырылған.

iPad Air 2 планшеті автономды тәртіпте 10 сағат тәуелсіз әрі белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Процессорге қосымша ретінде M8 құрылымы қосылған. Оның 16 ГБ-ты нұсқасы АҚШ-та - $499, 64 ГБ-ты нұсқасы - $599 және ең үлкен 128 ГБ-ты нұсқасы - $699 бағасымен сатылымға шығатын болады.

iSight жаңа камерасы 8 мегапиксельді сапаға ие және 1080p көрсеткішпен түсірілімдерді жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, iPad Air 2 планшетінің камерасы Slo-Mo, яғни баяу түсіру қызметімен де жабдықталған.

Ғаламторға кіру қызметі (Wi-Fi) 2,8 есеге күшейген. Нақты келтірсек, секундына 866 мегабайт жылдамдықпен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, планшетке iPhone өнімдерінде бар болған TouchID қызметі де қондырылыпты.

Қазіргі кезде, iPad үшін 675 мың қосымша қолданысқа берілген екен. Таныстыру кезегінде арнайы iOS платформасына арналып бағдарламаланған Pixelmator қосымшасы да аталып өтілді. Қосымша тұтынушыға фотоны қайта өңдеуге көмектесетін функциялармен жабдықталған. Сондай-ақ, видеоматериалдарды өңдеуге бағытталған Replay косымшасы да көрерменнің талабына ие болды. Replay қосымшасы осы айдың соңынан бастап тегін таратылатын болады.

Аталған өнімдерден бөлек, үш түрлі түсте iPad mini 3 планшеті де үлкен экранға шығарылды. Оның бағасы iPad Air 2-ден біршама қымбат болады деп күтілуде. Apple шығарған екі планшет ресми түрде сатылымға шыққаннан кейін олардың алдынғы нұсқалары 100 АҚШ долларына арзандайтын болады.

iMac компьютерлері 5K көрсеткішке ие бола алатын Retina-дисплеймен жабдықталыпты. Ерекше 27-дюймді экранға 14,7 миллион пиксель сыйымдалған және ол HD-теледидардан 7 есе сапалы көрсетілімді береді. Дисплейдің платформасы «timing controller» деп аталатын арнайы микрочип арқылы басқарылады.

Кеңсе жұмысына арналған жаңа компьютер Intel i5 3,5-гигагерцті процессормен (Radeon R9) жұмыс істейді. Оның ең төмен бағасы 2499 АҚШ доллары болып отыр. Компьютердің стандартты құрылымына келетін болсақ, оның оперативті жадысы 8 ГБ-ті құрайды. iMac-тың 21,5 және 27-дюймді екі түрлі нұсқасы сатылымға шығатын болады.

Ал келесі өнім Mac mini болса өзінің үлкен аналогына қарағанда қуатты Thunderbolt 2 процессорымен жабдықталған. Оның орташа бағасы 499 АҚШ доллары болатыны туралы Тим Куктың өзі айтып өтті.

Apple кампусында өткен үлкен жиында ең маңызды болған планшеттер басты назарға алынбай қалды. Себебі 5K сапада түсіруге мүмкіндігі бар Retina iMac нағыз жаңалық болған еді. Apple ұжымы ол туралы алдын ала ақпарат таратуды әдейі жасамаған екен. Ол әрине ең алдымен фотоның сапасына ерекше мән беретін фотографтарға ғана қызық болса керек.

Ал сіз осындай жаңа техно гаджеттердің жариялымы туралы не айтасыз? Олардың қайсы бірі сіздің ойлағаныңыздай жаңа құрылымға ие болыпты?

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: hi-news.ru

Ж. Өрісбай