Кеше Байқоңырдан «Протон-М» ракетасы ұшты

Кеше Байқоңырдан «Протон-М» ракетасы ұшты

Кеше, яғни, 15 сәуір күні Астана уақыты бойынша 22:36-да Байқоңыр ғарыш айлағынан «Бриз-М» екпіндеткіш блогымен жұмыс істейтін «Протон-М» ракетасы ұшырылды. Зымыран-тасығыш орбитаға «Anik-G1» телекоммуникациялық ғарыш спутнигін шығарды.

«Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылу сәті

Массагет бұған дейін Федералды ғарыш агенттігінің үстіміздегі сәуір айында Байқоңыр айлағынан 3 ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлап отырғандығын айтқан болатын. Нақтырақ айтсақ, «Anik-G1» телекоммуникациялық ғарыш аппараты, ғарыш биологиясынан фундаметалды зерттеулер жүргізуге арналған «Бион - М» ғылыми ғарыш аппарты, сонымен, қатар, Халықаралық Ғарыш станциясының жұмысын бірқалыпта ұстап тұру үшін ұшырылатын «Прогресс М-19М» кемесі.

Естеріңізге сала кетелік, 29 наурыз күні Астана уақытымен 02:43-те Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық Ғарыш станциясына қарай бортында «Союз ТМА-08М» кемесі бар «Союз-ФГ» ракетасы ұшырылған болатын.

Бұдан бұрын, 27 наурыз күні, Астана уақытымен саған 01:06-да Байқоңыр ғарыш айлағынан «Бриз-М» екпіндеткіш блогымен жұмыс істейтін «Протон-М» зымыран тасығышы ұшып, орбитаға «СатМекс-8» ғарыш аппаратын шығарды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: universetoday.com

Massaget