Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Ғалымдар қартаймаудың жолын іздеп жатыр

Ғалымдар қартаймаудың жолын іздеп жатыр

Ғалымдар қартаймаудың жолын іздеп жатыр

Новосибирск және Томск қалаларының ғалымдары өзекті клеткалардың жұмысын жақсартып, ағзаны жасартатын таблетка ойлап тапты, деп хабарлайды Вести.ру

Авторлардың айтуынша, G5 деп аталатын бұл препарат ағзаның қартаюын баяулатып, өмір жасын ұзартады. Мамандар клиникалық тәжірибелерді осы, 2013 жылы бастап кетуді жоспарлап отыр.

Ғылыми теория бойынша, өзекті клеткалар адамның дене мүшесіндегі кез келген органның клеткасына айналып кете алады. Бірақ адам қартайған сайын бұл жасушалардың саны азая бастайды. Және тек азайып қана қоймай, қасиеттерін де жоғалта бастайды. Алайда жаңа препарат өзекті жасушалардың санын 40 пайызға дейін көбейте алады.

"Таблетканың арқасында пассивті күйге түсіп қалған клеткалар, қайта жанданып, іске кірісе бастайды", - деп түсіндірді дәрінің жұмыс істеу механизмін фармацевтикалық ғылыми-өндіруші холдингтің құрылтайшысы Андрей Бекарев.

Ғалымдардың пікірінше, жаңа препаратты бауыр, өкпе ауруларын, сонымен қатар, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуын емдеуге қолдануға болады. Бұған дейін таблетканың жұмысы тышқандардың ағзасында тексеріліп көрілген екен. Дегенмен зерттеу жұмыстары 2013 жылдың қарашасына дейін жалғасады. Содан соң дәрінің жұмысының зерттеу мақсатындағы тәжірибе адамдарға беріліп жасалады.

"Біз осы уақытқа дейін G5-тің адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартатындығын анықтадық", - деді Томск фармакология ғылыми зерттеу институтының маманы. Оның ойынша, бұл ағзаның жасарғандығының белгісі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: yuga.ru 

1272 6
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 05 сәуір 2013, 01:19
Тегтер: жасару, дәрі, G5,
Пікірлер
+0
05 сәуір 2013, 09:45

Мен өз қатарыммен қартайып, солармен бірге кеткі келеді...

+0
05 сәуір 2013, 11:40

Ешкім қартаймаса жеріміз адамға толып кетеді емес пе?

+0
05 сәуір 2013, 21:15

Адам уақытымен өледі ғой, тек қартаймайсын!

+0
05 сәуір 2013, 12:22

сұранысқа ұсыныс та..

+0
06 сәуір 2013, 20:36

MEN KARTAIGANWA JASAP BOLSA SATIP ALAM :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...