Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Велосипедтер дизайнердің көзімен...

Велосипедтер дизайнердің көзімен...

Велосипедтер дизайнердің көзімен...

Бүгінде әлемде милиардтан астам адам велосипед тебеді, сондықтан бұл қозғалыс құралы кең тараған. Еуропада, әсіресе Дания елінде велосипедті көп тебеді екен, орташа есеппен алғанда, бұл елдің бір азаматы жылына 893 шақырым жүріп өтеді-мыс. Екінші орында Нидерланд елі – 853 шақырым, Бельгия мен Германия үшінші орынды 300 шақырыммен бөліседі.   

Бұл қозғалыс түрінің танымал бола түсуінің негізгі себебі екеу: бірі экологиялық мәселе болса, екіншіден, денсаулыққа пайдасы бар екендігі. Оның қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген елдер қалаларда арнайы велосипед жолдарын, жалға беру қызметтерін ұсынады.

Ал жарнамашылар өз кезегінде жыл өткен сайын таңдай қақтырар амал-тәсілдерге барады. Енді соларға тоқталайық...

Ағаш велосипед

Әлемдегі ең бірінші велосипедтер ағаштан жасалған. Бертін келе, ол темір мен пластикке ауысты. Ал енді жапон дизайнері Yojiro Oshima заманауи ағаш велосипед жасап шықты.

Велосипед-самокат

Филипп Старк есімді француз дизайнері жартылай велосипед және жартылай самокат жасап шықты. Екі дөңгелекті гибрид Pibal деген есім алған.

«Өзің құрастыр» велосипеді

Бала кезіңіздегі ойыншықтар есіңізде ме, өзіңіз-ақ оп-оңай құрастырып алушы едіңіз, ал енді Юрген Кейперс есімді дизайнер құрастырылатын велосипед ойлап тауыпты. Sawyer деген велосипед ағаштан жасалған. Халықаралық дизайн конкурсында автор осы жұмысы үшін бірінші орын алыпты.

Велосипед-граммофон

Dubbed Feats Per Minute – бұл дөңгелектері арқылы пластинаны айналдыра отырып ән ойнататын велосипед. Артқы жақта дауыс құбыры орнатылған. Жүру жылдамдығыңыз әннің ритміне әсер ете алмақ.

Create (Ұлы)

Create – британдық бренд. Бұл «көлік» тек әдемілігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, «fixed gear» атты қозғалыс жүйесімен де ерек. Бұл жүйе велосипед педалін айналдырғанда жүріп, ал тоқтатқан сәтте өз кезегінде велосипед те тоқтап қалатындай мүмкіндік туғызған. Яғни, тежеуіш жоқ. Әдемілігіне тоқталар болсақ, оның дизайны мен түрлі-түстілігі назар аудартпай қоймайды. Тіпті дөңгелектер де түрлі-түсті бояуда.

Electra

Electra маркасы АҚШ-та 90 жылдары шыққан еді. Оның құрастырушылары жылдам жүріс пен барынша ыңғайлы етуді басты мақсатқа айналдырған. Міне, осылай жеңіл велосипедтер пайда болған. Және бір айта кетерлігі орындықта сіз омыртқаңызды тік ұстап айдай аласыз, ал әдемілігі көз қызартпай қоймайды.

Creme

Creme бренді де ең әдемі деген велосипед жасауға құмар.

Mobiky

Велосипедтің әрқашан да ыңғайлы еместігін атағымыз келеді. Бірақ дәл Mobiky атты түрі сізге қоғамдық транспорттарға мінуге мүмкіндік береді. Ал оның жылдамдығы әдеткі велосипед түрлерінен бір кем емес. Салмағы 12 келіге жетеді, ал өзі 110 келі болатын адамды көтере алады. Оны метрода, басқа да қоғамдық көліктерде алып жүре аласыз, себебі оны 3 секундтың ішінде жинап ала аласыз.  

«Қашып кетпейтін» велосипед

Британдық дизайнер Кевин Скотт (Kevin Scott) велосипедті айдап әкетушілерге қарсы жақсы төтеп беруге болатын іс жасады. Түрлі құлыпталатын заттардың орнына Bendy Bicycle атты өзі айнала құлыпталатын велосипед таптырмас шешімге айналған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

3366 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 03 сәуір 2013, 16:46
Пікірлер
+0
03 сәуір 2013, 17:05

велосипедке құмарларға қызық шығар

+0
03 сәуір 2013, 17:28

белсебетке құмармын)

+0
03 сәуір 2013, 18:05

жақсы көрем велосипедті, әсіресе табиғаты керемет бір жерде, таза ауада рахаттанып, кешқұрым серуендесең иа. ах шіркііііін :!:

+0
03 сәуір 2013, 22:34

енді енді үйреніп жүрмін велосипед тебуді :)

+0
06 сәуір 2013, 18:24

тепкім кееп тұрррр туууу**

+0
06 сәуір 2013, 22:56

керемет :shock:

+0
07 сәуір 2013, 01:17

жұмыстан шаршап келгенде, велосипедпен кунде кешке қарай ауыл сыртына шығып желмен жарысамын...... жусан исі аңқыған дала желі жаныма жігер беріп, жасыған көңілімді жұбатады..... Electra маркалы велосипед қатты ұнап тұрғаны :)

+0
07 сәуір 2013, 02:56

Эххх өзімнің кезінде ауылда тепкен "Урал" атты фералиіме ештене жетпейтін еді аууу!!!! :D Сонгы белесепеттерді әбден қорлапты аууу!!! жаным ашиды!!!!! Белесепет емес мотоцикл сияқты!!!! Белесепед беплесепед болып қалу керек емеспе!!!!!! Сонысымен қеремет емеспе???

+0
12 сәуір 2013, 22:02

ма саган нагыз маган керек велосипед :D :D :D :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...