Hyundai T7S — төрт ядролы жаңарған Android-планшеті

Hyundai T7S — төрт ядролы жаңарған Android-планшеті

Hyundai компаниясы осыған дейін жарыққа шығарған Hyundai T7 планшетін одан әрі жетілдіріп, Samsung Exynos 4412 процессоры мен Mali 400 графикалық чипін қосып, Hyundai T7S деп аталған жаңа өнім жасап шығарды. 

Құрылғы 7-дюймды, 1280х800 нүктелі дисплеймен жабдықталған. Оперативті жады 2 ГБ құраса, өзінің жеке сақтау жады 16 ГБ болады. Hyundai T7S планшеті 0,3 және 5 Мп болатын екі камерамен жабдықталған. Аккумулятор сыйымдылығы 3300 мА/сағ құрайды. Ал операциондық жүйе ретінде Android 4.0 Ice Cream Sandwich орнатылған.  

Құрылғы қазірдің өзінде әртүрлі онлайн-дүкендерде 186 $ бағамен сатылуда. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет