Kendall – ретро стиліндегі Bluetooth-аудиожүйесі

Kendall – ретро стиліндегі Bluetooth-аудиожүйесі

Егер сізге ретро стилі қатты ұнайтын болса, онда Furni компаниясының дизайны классикалық радиоқабылдағыш түрінде жасалған Kendall сымсыз портативті аудиожүйесіне назар аударып көріңіз. 

Kendall өзінің ретро дизайнына қарамастан, толығымен заманауи техника саналады. Ол Bluetooth сымсыз технологиясын қолдайтындықтан, сіз айналаңызды өзіңіздің мобильді гаджетіңіздегі тамаша музыкамен қуанта аласыз. Дыбыстың сапалы ойнатылуына қуаты 2х5 Вт болатын үлкейткіш пен 2-дюймды динамика кепілдік береді. Орнатылған аккумулятордың сыйымдылығы 1000 мА/сағ құрайды. Осының арқасында ол 4 сағатқа дейін автономды жұмыс жасай алады. 

Жаңа Kendall ретро-аудиожүйесінің бағасы 188 долларды құрап отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: techinvestornews.com 

Б. Қосмағамбет